Сіздерді Ұлттық мерекеміз – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл күн – тәуелсіз еліміздің қалыптасуы мен мемлекетіміздің іргетасын қалаған тарихи күн. Республика күні – халқымыздың бірлігі мен ел болашағына деген сенімін нығайтатын ұлық мереке.
Бүгінгі бейбіт өмір мен тұрақтылық – ата-бабамыздың аңсаған арманы, ел игілігі жолында аянбай еңбек еткен әрбір азаматтың еңбегінің жемісі.
Баршаңызға зор денсаулық, отбасылық амандық, еңбектеріңізге табыс тілеймін!
Тәуелсіз Қазақстанымыздың мәртебесі асқақ, болашағы жарқын болсын!
Ізгі ниетпен,
Аманкелді ауылдық округі әкімі
Жаманкулов Зейнұр Қайраддинұлы