Биыл ұлы ойшыл, кемеңгер ақын Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай Шымкент қаласында, қала әкімдігінің, қолдауымен және Абай кітапханасының ұйымдастыруымен республикалық, "Абай әлемі" байқауы өтті.
Сайыс екі кезеңнен тұрды. Бірінші кезенде қатысушылар ақын шығармашылығынан бір туындыны мәнерлеп оқып, бейнежазба арқылы ұсынды және әлеуметтік желіде көп лүпіл жинау шарты қойылды. Екінші кезең оффлайн форматта Шымкент қаласында ұйымдастырылды.
Аталған байқауға Nº42 Қ.Баймағамбетов атындағы мектеп-лицейдің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Бегежан Ұлархан Нұрлыбекұлы қатысып, алғашқы кезенде 120 үміткердің арасынан суырылып алға шықты. Қорытынды кезеңде Шымкент сахнасында өз өнерін паш етіп, қазылардың жоғары бағасына ие болды.
Нәтижесінде ол Алғыс хатпен марапатталып, 150 000 теңге көлеміндегі арнайы жүлдені жеңіп алды.
Ұлархан Нұрлыбекұлын осы жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз! Шығармашылық жолыныз
жемісті, табысты болсын!