24 шілде2025 жылы Аманкелді ауылы тұрғындарына, автокөлік жүргізушілеріне жол қауіпсіздігі ережелерін түсіндіру мақсатында Сырдария аудандық полиция инспекторы және Аманкелді ауылы әкімдігі мамандары бірлескен түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, жадыма парақтарын таратты.
Жол қауіпсіздігі — бұл әрбір азаматтың өмірі мен денсаулығын қорғауға бағытталған маңызды мәселе. Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету — тек полиция мен мемлекеттік органдардың ғана емес, әр азаматтың ортақ жауапкершілігі. Жол ережелерін сақтау мәдениеті бала кезден қалыптасуы тиіс.
Жол қауіпсіздігі — бұл тек жолдағы тәртіп емес, ол — өмір сүру мәдениеті. Әр адам жол ережелерін саналы түрде сақтап, өзіне де, өзгеге де қауіп төндірмеуі қажет. «Сақтансаң — сақтайды» деген халық даналығын әрқашан есте ұстаған жөн.
Аманкелді а/о әкімдігі