«МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ» БАЙҚАУЫНЫҢ АУДАНДЫҚ КЕЗЕҢІНІҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ

«МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ» БАЙҚАУЫНЫҢ АУДАНДЫҚ КЕЗЕҢІНІҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ
Бүгін аудан әкімі Берік Сәрменбаевтың қатысуымен «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының аудандық кезең жеңімпаздары марапатталды. Салтанатты іс-шарада отбасы құндылықтарын дәріптеген, шаңырақтың шырайын кіргізіп, түтінін түзу ұшырған өнегелі отбасылар марапат биігінен көрінді.
«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының аудандық іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша Жансейтовтер отбасы 1 орынды жеңіп алды жәнеде аудандық кезең нәтижесімен облыстық кезеңге қатысуға жолдама алды.
Жансейтовтер отбасын жеңісімен құттықтай отырып, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, облыстық кезеңде сәттілік тілейміз!
Аманкелді а/о әкімдігі