Құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында түнгі рейд ауылдық округі әкімдігі, мектеп-лицей әкімшілігі, және учаскелік полиция инспекторы мен бірлескен кезекшілік жоспарға сәйкес ұйымдастырылды.
Аталған рейдтік жұмыстарға ауыл әкімі, мектеп-лицей мұғалімдері, учаскелік полиция инспекторы және ата-аналар қатысты.
Рейд барысында Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кәмелеттік жасқа толмаған жастардың түнгі 23.00-ден кейін заңды өкілінсіз көшеде жүруге тыйым салынатындығы жайлы ескертілді.
Рейдтік жұмыстар барысында құқық бұзушылықтар орын алған жоқ.