«АУЫЛ АМАНАТЫ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗІЛДІ

«АУЫЛ АМАНАТЫ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗІЛДІ
Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес «AMANAT» партиясының ұйытқы болуымен жүзеге асып жатқан «Ауыл аманаты» жобасы бойынша жұмысшы топ өкілдері Аманкелді ауылы тұрғындарымен кездесу өткізді.
Кездесуге аудан әкімінің орынбасары Талғат Нұртазаев, «AMANAT» партиясы Сырдария аудандық филиалының Атқарушы хатшысы, фракция жетекшісі Ақтөре Ибрагимұлы, аудандық ауылшаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы Қанат Нұрсейіт, аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы Алмат Сәдуақасов, ауыл әкімдері мен ақпараттық жұмысты үйлестірші топ мүшелері қатысты.
Аманкелді ауылдық мәдениет үйінің мәжіліс залында өткізілген кездесу барысында «Ауыл аманаты» жобасының тиімді тұстары мен жобаға енгізілген өзгерістер, басым бағыттар кеңінен айтылды. «Ауыл аманаты» жобасы аясында копперативтік жобаларды жүзеге асыру мен ҚР Үкіметінің жанындағы өңірлік саясат бойынша жобалық кеңсесінің Қызылорда облысындағы менеджері Индира Ақжігітова хабарлама жасап, түсіндірме жұмысын жүргізді.
Жобаға қызығушылық танытқан кәсіпкерлер өздерінің қызықтырған сұрақтарын қойып, толыққанды жауап алды.
Аманкелді а/о әкімдігі