Құрметті ауыл тұрғындары!
2025 жылдың 27 маусым күні сағат 9:00 де Аманкелді ауылдық мәдениет үйінде «Ауыл аманаты» жобасы аясында ауыл шаруашылығы кооперативтеріне қатысты нормативтік – құқықтық актілер мен мемлекеттік қолдау шаралары бойынша ақпараттық жұмысшы топ өкілдері ауыл тұрғындарына түсіндірме жұмыстарын жүргізеді.
Осыған орай, толғандырып жүрген сұрақтарыңыз, ұсыныс-пікірлеріңіз болса, келіп қоюларыңызға болады.