Аманкелді ауылдық округіндегі жаңа қоныстану аймағындағы атауы жоқ көшеге атау беру туралы

«Қазақстан Республикасының әкімшілік – аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы № 2572-ХІІ Заңының баптарына, және Облыстық ономастика комиссиясының 2025 жылғы 26 тамыздағы № 2 қорытындысына  сәйкес Аманкелді ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Аманкелді ауылдық округінің жаңа қоныстану аймағындағы атауы жоқ көшеге (1-көше) «Балабай Оралбаевтың» есімі берілсін.
  2. Аманкелді ауылдық округінің жаңа қоныстану аймағындағы атауы жоқ көшеге (2-көше) «Бәкеш Наймановтың» есімі берілсін.
  3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен  кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Ауылдық округі әкімі                  З.Жаманкулов

Дата публикации
05 сентября 2025