ҚЫЗЫЛОРДАДА ВЕЛОСПОРТТАН  ҚР ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

ҚЫЗЫЛОРДАДА ВЕЛОСПОРТТАН  ҚР ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

ҚЫЗЫЛОРДАДА ВЕЛОСПОРТТАН  ҚР ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

Бүгін Қызылордада тас жолдағы велоспорттан ерлер арасындағы көпкүндік ҚР Кубогы және юниор ұлдар мен қыздар арасындағы көпкүндік ҚР чемпионатының ашылу салтанаты өтті.

Ашылу рәсіміне Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Шахмардан Байманов, Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының басшысы Бахтияр Артаев, Қазақстанның велосипед спорты федерациясының бас хатшысы, ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушы Жетес Сулейменов және спорт ардагерлері мен БАҚ өкілдері қатысты.

Шарада алғы сөз алған облыс әкімінің орынбасары Шахмардан Асқарұлы жарыс қатысушыларына сәттілік тілеп, байрақты бәсекенің жоғары деңгейде өтуіне сенім білдірді.
- Бүгінде өңірімізде үш мыңнан аса адам велоспортты тұрақты жанына серік етіп, бұқаралық спорттың дамуына өз үлестерін қосуда. Бүгінгі байрақты бәсеке де велоспортпен шұғылданушылар үшін маңызы айрықша дода деп сенемін. Өздеріңіз білетіндей, соңғы жылдары аймақ басшысының бастамасымен спорттық инфрақұрылымдарды ілгертуге ерекше басымдық берілуде. Сәйкесінше, жыл басынан бері аймақ басшысының қатысуымен облыс орталығы мен аудандарда 10-ға жуық соңғы үлгідегі спорт кешендері ел игілігіне табысталды. Бүгін облыстың спорт саласын дамытуда тағы бір тарихи сәт орын алды. «Қазақстан Халқына» қоғамдық қоры мен Қызылорда облысының әкімдігі үшжақты меморандумға отырды. Соның арқасында бүгін аймақ басшысының қатысуымен Қызылорда қаласының сол жағалауында денешынықтыру-сауықтыру кешенінің іргетасы қаланды. Спорт саласын серпінді дамыту арқылы спортшыларымыз әлемдік ареналарда үлкен жетістіктерге жетеді деп сенеміз. Барлық жарыс қатысушыларына сәттілік тілеймін! Шын мықты жеңіске жетсін!, - деді облыс әкімінің орынбасары.

Сондай-ақ, спорт саласының ардагерлі де сөз сөйлеп, спортшыларға жеңіс тіледі.

Аталмыш жарыста облыс және қалалардан келген 13 команда сынға түспек. Жарыс жеңімпаздары 13 сәуір күні анықталады.