Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасымен «Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру немесе ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің
2024 жылдық есебі бойынша жария талқылау отырысы өткізілді.
Жария талқылау көрсетілетін қызметті беруші қызметінің есептілігі мен ашықтығы, мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі, мемлекеттік қызметтер көрсету процесін тұрақты жетілдіру, оларды көрсетудің үнемділігі мен тиімділігі қағидаттарын іске асыруды қамтамасыз етуге арналған.
Жария талқылау отырысына облыс аумағындағы шетелдік жұмыс күшін тартатын кәсіпорындардың өкілдері қатысты.
Жария талқылау барысында жұмыс берушілерге «Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру немесе ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің тәртібі бойынша ақпараттық түсіндірме берілді.
Жария талқылауға қатысушылар өздерінің сұрақтарына нақты жауаптар алды.