3 желтоқсан – Халықаралық мүгедектер күніне орай мерекелік іс-шара өткізілді

3 желтоқсан – Халықаралық мүгедектер күніне орай  мерекелік іс-шара өткізілді

2022 жылдың 2 желтоқсанында Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы негізінде ұйымдастырылған Халықаралық мүгедектер күніне орай мерекелік іс-шара А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде өткізілді.

Мерекелік шараны облыс әкімінің орынбасары Н.Сақтағанов ашып, барша қатысушыларға денсаулық, амандық, сәттілік тіледі.

Мерекелік іс- шара барысында 2022 жылы  жетістікке жеткен мүгедектігі бар адамдар, мүгедектігі бар ересек адамдармен және балалармен жұмыс жасайтын үкіметтік емес ұйымдар 100 мың теңге көлемінде сертификатпен, номинациялармен, облыс әкімі орынбасарының Алғыс хатымен марапатталды.

Номинацияларды ұйымдастырушы – «Қызылорда облыстық мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігінің жанынан құрылған комиссия қатысушылардың портфолиосы бар 20 өтінімге сәйкес анықтады.

Іс-шара түрлі фестиваль жеңімпаздарының өнер көрсетуімен, концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.