Жұмыспен қамту мәселесі

Жұмыспен қамту мәселесі

Егер Сіз жұмыссыз болсаңыз, тұрғылықты жеріңіз бойынша жұмыспен қамту орталығына хабарласыңыз. Сізге келесі жұмыстар ұсынылады.

  1. Бос жұмыс орындарына – жұмысқа орналасу
  2. Жастар тәжірибесі бойынша жұмыспен қамту.

29 жасқа толмаған, соңғы 3 жылда жоғарғы және арнаулы орта оқу орындарын бітірген және еңбек өтілі жоқ түлектер қатыса алады. Қатысушылардың жалақысы 95 400 теңге, қатысу мерзімі 12 айға дейін.

3.«Алғашқы жұмыс орны» жобасы.

29 жасқа толмаған, жұмыс тәжірибесі жоқ жастар қатыса алады, оның ішінде NEET санатындағы жастарға алған кәсібіне (мамандығына) сәйкес. Жалақы көлемі 65400 теңгеге, қатысу мерзімі 18 ай Жұмыс беруші жобаға қатысу мерзімі аяқталғаннан кейін жұмыссызды кемінде 12 (он екі) ай мерзімге тұрақты жұмыс орнына жұмысқа орналастыруға міндетті;

4.«Ұрпақтар келісім-шарты» жобасы.

 2 жыл ішінде оқуын аяқтаған және 29 жасқа толмаған білім беру ұйымдары түлектері қатысады. Жоба шеңберінде жұмысқа орналасқан адамға зейнеткерлік жасқа жетуге кемінде 6 (алты) ай қалған тәлімгер тағайындалады. Жалақы көлемі 65400, қатысу мерзімі 6 айға дейін. Жұмыс беруші жобаға қатысу мерзімі аяқталғаннан кейін жұмыссызды Еңбек кодексінің 38-бабына сәйкес тәлімгердің бос жұмыс орнына немесе басқа бос орынға ауыстыруға міндетті.

5.Әлеуметтік жұмыс орындарына орналастыру.

Тіркеуде тұрған жұмыссыздарға арналған жұмыс орындары, жалақыны 35 пайызын субсидиялау арқылы жүзеге асырылады, субсидияның максималды мөлшері 65400 теңге, қатысу мерзімі 12 айға дейін.

6.Қоғамдық жұмыстар.

Тіркеуде тұрған жұмыссыздарға арналған жұмыс орындары Жалақысы 65400 теңге, қатысу мерзімі 12 айға дейін.

  1. 7. «Күміс жас» жобасы.

Жобаға зейнетке шығуына екі жыл мерзімі қалған жұмыссыздар қатыса алады. Жалақының 50 пайызы мемлекеттен субсидияланады және субсидия мөлшері 65400 теңгеден кем болмайды. Жобаға қатысу мерзімі 12 айға дейін болады, одан кейін жұмыс беруші жобаға қатысушыны зейнетке шыққанға дейін тұрақты орынға орналастыруға міндетті.

            8. Өз кәсібін ашқысы келетіндер үшін жаңа бизнес-идеяларды жүзеге асыру үшін өтеусіз грант алуға мүмкіндік бар.

Мемлекеттік грант мөлшері 400 айлық есептік көрсеткіш, биыл 1 272 000 теңгені құрайтын болады.

Мемлекеттік грантты  алуға мына санаттағы азаматтар ала алады: 29 жасқа дейінгі жастар, атаулы көмек алушы отбасы мүшелері, көп балалы отбасылардың мүшелері, мүгедектер, мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақыны алатын адамдар  

Грант беру процесі биыл электронды түрде өтеді, Бұл ретте үміткерлер өтінімдерін «Енбек-Бизнес» порталына ЭЦҚ (электронды цифрлық қолтаңба) арқылы  тапсыратын болады.

Айта кететін жайт, аталған санаттағы азаматтар жұмыспен қамту органдарында тіркеуде тұрған жұмыссыздар немесе мәртебесін ресімдеу мерзімі 1 жылға дейінгі жеке кәсіпкерлер немесе Бірыңғай жиынтық төлем төлеушілер немесе жеке қосалқы шаруашылықта жұмыс істейтін азаматтар қатарынан болуы тиіс. Мемлекеттік грант беру туралы шешімді грант алуға үміткерлердің өтініштерін қарау жөніндегі арнайы комиссия шығарады. Комиссия жұмыспен қамту Орталықтарының жанынан құрылады және құрамына «Атамекен» палатасының өкілі, қоғамдық бірлестіктер, қоғамдық танымдық ұйымдар, бизнес, бұқаралық ақпарат өкілдері және сала эксперттері енгізіледі.

Комиссия отырысында үміткер бастапқы бизнес жобасын таныстырады.

Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларының қатысушылары болып табылатын адамдар грант алуға үміткер бола алмайды.

Гранттар тұтынушылық мақсаттарға, кредиттік қарыздарды өтеуге, жылжымайтын тұрғын үй сатып алуға және салуға, жер учаскелерін сатып алуға, акцизделетін өнімдер өндіруге берілмейді.