Құқықтық оқу өткізілді

Құқықтық оқу өткізілді

Сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылықтарды болдырмауды қамтамасыз ету үшін және олардың алдын алу мақсатында Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының ұйымдастыруымен 2021 жылғы 16 қарашада Басқарма қызметкерлері мен қарасты коммуналдық мекемелердің қызметкерлерінің қатысуымен құқықтық оқу өткізілді.

Құқықтық оқуда Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің қызметкері А. Болаттың баяндамасы тыңдалып, әзірленген арнайы видеоролик көрсетілді.

Оқу барысында сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылықтардың орын алу себептері мен жағдайлары, сонымен қатар, ұжымда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған профилактикалық шаралардың маңыздылығы атап өтілді.