Құқықтық оқу өткізілді

Құқықтық оқу өткізілді

Жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін және жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының ұйымдастыруымен 2021 жылғы 21 қыркүйекте Басқарма қызметкерлері мен қарасты мекемелердің қызметкерлерінің қатысуымен құқықтық оқу өткізілді.

Құқықтық оқуда Жергілікті полиция қызметі басқармасының қызметкері Б. Байкиковтың баяндамасы тыңдалды.

Оқу барысында жол-көлік оқиғаларының орын алу себептері мен жағдайлары, сонымен қатар, жолда жүру ережесін қатаң сақтау қажеттілігі атап өтілді.