Облыс әкімінің гранты

Облыс әкімінің гранты

Аймақ басшысының қолдауымен 2021 жылға бюджеттен 100 облыс әкімінің гранты бөлінді: Оның ішінде: Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетіне – 46, Қазақ Ұлттық аграрлық университетіне – 5,   «Нұр-Мүбарак» университетіне – 10, С.Д.  Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетіне – 19, М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетіне – 20 грант.

Гранттар бойынша бакалавр академиялық дәрежесінде техникалық, ауыл шаруашылығы, білім беру, өнер, журналистика, дін, ветеринария және медицина салаларының мамандары даярланатын болады.

Облыс әкімі грантының  өңірлер бойынша бөлінісі төмендегідей:

Арал ауданы бойынша – 10, Қазалы ауданы – 9, Қармақшы ауданы – 11, Жалағаш ауданы – 5, Сырдария ауданы – 5, Шиелі ауданы – 10, Жаңақорған ауданы – 10. Қызылорда қаласы – 40 грант.

Облыс әкімінің грантына:

  1. Балалар үйінің тәрбиеленушілері (Отбасы үлгісіндегі балалар ауылы мекемесінің түлектері);
  2. Мүгедектігі бар балалар;
  3. Жетім балалар;
  4. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
  5. Асыраушысынан айырылған отбасылардың балалары;
  6. Ата-анасының екеуі де зейнеткер болып табылатын балалар;
  7. Ата-анасының екеуі немесе біреуі мүгедек болып табылатын балалар;
  8. Көп балалы отбасылардың балалары;
  9. Аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар.

Аталған санаттар бойынша әлеуметтік көмек тағайындау кезінде отбасының өткен тоқсандағы табыстары ескеріледі.

Әлеуметтік көмекті тағайындау үшін құжат қабылдау а.ж. 10-20 тамыз аралығында аудандар мен Қызылорда қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімдерінде жүргізіледі.

Грантты тағайындау туралы шешімді жергілікті аудан және қала әкімдіктері жанынан құрылған арнайы комиссия қабылдайды.

Үміткерлердің ҰБТ, кешенді тестілеуден алған нәтижесі, жеке жоғары жетістіктері, әлеуметтік жағдайы, отбасының табыс деңгейі - іріктеудің негізгі критерийлері болып табылады.

Қосымша сұрақтар бойынша Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының 8(7242) 27-01-11 телефонына хабарласуға болады.