Қоғамдық қабылдау

Қоғамдық қабылдау
Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру әлеуметтік бағдарламалар басқармасында «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының ұйымдастырумен «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында мүгедектігі бар балалардың мәселелері бойынша қоғамдық қабылдау өтті.
Қоғамдық қабылдауға басқарма қызметкерлерімен қатар денсаулық сақтау, білім, еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті мен медициналық-әлеуметтік сараптама комиссиясының мамандары қатысты.
Қабылдауға келген азаматтардың науқас балаларын емдету барысындағы өтініштері бойынша нақты түсіндірме-кеңестер берілді, кейбір мәселелерге қатысты мүдделі органдарға хат жолданып, шешу жолдары қарастырылатын болды.