Брифинг: Мемлекеттік әлеуметтік көмек

Брифинг: Мемлекеттік әлеуметтік көмек

2021 жылдың 21 маусымында басқарма басшысының орынбасары М.Абдукаримов БАҚ өкілдеріне салада 5 айда атқарылған жұмыстарды баяндады.

Жыл басынан 13 мыңнан астам жаңа жұмыс орны (13482) құрылды, оның ішінде тұрақты жұмыс орындары - 4 мың.

Бүгінгі күні Жұмыспен қамту орталықтарына жұмыс іздеп 18 мыңға жуық адам (17685) жүгінді, оның ішінде 77 % (13617 адам) жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылды.

5 ай ішінде 15 мың жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтығандар "Еңбек"мемлекеттік бағдарламасының қатысушысы болды. Оның 13 мыңы жұмысқа орналастырылды (13029).

Бағдарлама шеңберінде бір мыңнан астам қатысушы (1389) 1,8 млрд.теңге сомасына микрокредиттер мен гранттар ресімдеу арқылы өз бизнес идеяларын іске асыру мүмкіндігіне ие болды. Соның арқасында 139 жаңа жұмыс орны ашылды.

Ағымдағы жылдың 5 айында 53019 адамға (10 070 отбасы) 1,5 млрд.теңге сомасында атаулы әлеуметтік көмек төленді.

Атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардан шыққан 13 000-нан астам бала кепілдендірілген әлеуметтік пакеттермен қамтамасыз етілген.

Аз қамтылған азаматтардың өмірі мен табыстарының сапасын арттыру мақсатында 2349 еңбекке қабілетті адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен қамтылды, оның ішінде 1024 адам тұрақты жұмыс орындарына орналастырылды.

3821 отбасына 111,0 млн. теңге сомасында тұрғын үй көмегі төленді.

Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 8376 мүгедектігі бар адам жеке оңалту бағдарламасына сәйкес техникалық құралдармен қамтамасыз етілді.

Өңірде арнайы әлеуметтік қызметтерді 4 медициналық-әлеуметтік мекеме, оңалту орталығы, 8 үкіметтік емес ұйым, қалалық және аудандық үйде қызмет көрсету бөлімшелері көрсетеді. Есептік кезеңде қызметтермен 4113 адам қамтылды.