1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күні

1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күні

1 маусым -  Балаларды қорғау күні облыс әкімінің орынбасары Б.Н.Шәменова Талсуат елді мекенінде орналасқан Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету балалар орталығында және білім, денсаулық салаларының балалар орталықтарында болып, балаларға көрсетілетін оңалту шараларымен танысты, бүлдіршіндерге мерекелік лебізін білдірді.

Сонымен қатар, Мүгедектерге арналған оңалту орталығындағы "Модельдік пәтер" жобасын іске қосу барысымен танысты. "Модельдік пәтер"  жобасы - бірінші рет мүгедектік алған азаматтардың қоғамға кірігуіне және өзіне-өзі тұрмыстық қызмет көрсетуіне ықпал жасауға мүмкіндік беретін кешенді қызметтерді қамтиды.