Ағымдағы жылдың 21 мамыр күні облыс әкімінің орынбасары Б. Шәменованың төрағалығымен «Облыстық әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық үш жақты комиссияның» кезекті отырысы өткізілді. Отырыста бүгінгі күнге өзекті мәселе - «Облысымыздағы еңбек қарым-қатынастары, орын алған өндірістік жарақаттардың жағдайы және оның алдын алу бағытында атқарылған жұмыстар» қаралды.