9 мамыр – Жеңіс күні

9 мамыр – Жеңіс күні
Бүгін облыс əкімінің орынбасары Б.М.Шаменова, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру жəне əлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Г.А.Қалмақова Қызылорда облысының Құрметті азаматы, тыл ардагері Алма Ақдәулетованың отбасына барып, Ұлы Жеңіс күні мерекесімен құттықтады.
Балжан Мөрəліқызы Алма Танабайқызының аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына сіңірген зор еңбегін атап өтіп, бүгінгі ұрпақ үшін ұлағатты өмір жолы - үлкен өнеге екендігін, Сыр елінің халқы ел аналарының амандығын тілейтіндігін жеткізді.
Алма Танабайқызы еңбек жолын ұстаздық қызметтен бастап, облыстық партия комитетінің ғылым және білім бөлімінің меңгерушісі, облыстық Кеңес атқару Комитетінің жауапты хатшысы, облпартком төрағасының орынбасары қызметтерін абыроймен атқарған.