Алқа мәжілісі өтті

Алқа мәжілісі өтті
Жұмыспен қамту: Статистика мәліметтеріне сәйкес 2020 жылдың 3 тоқсанына жұмыс күшінің саны - 346,6 мың адам; жұмыспен қамтылған халық саны – 329,7 мың адам; жұмыссыздар саны – 16,9 мың адам; жалпы жұмыссыздық деңгейі - 4,9%; 15-28 жас арасындағы жұмыссыздық деңгейі - 4,2%.
Қазіргі таңда аймағымызда 2 мыңға жуық әлеуметтік қызметкер жұмыс жасайды. 2021 жылдан бастап әлеуметтік қорғау жүйесінде әлеуметтік қызметкердің жалақысы өсті (1755,25 штаттық бірлікке – 1,4 млрд. теңге қаржыға қосымша сұраныс берілді).
2020 жылы «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 37 744 адам тартылды (жұмыссыздар - 50,6% (19097 адам), өз бетінше жұмыспен қамтылғандар – 21,0% (7917 адам), жұмыс іздеушілер – 28,4% (10730 адам).
Бағдарламаға тартылғандардың санаттары бойынша: 15% (16987 адам) – жастар, 2,8% (1036 адам) – мүгедектігі бар адамдар, 21,3% (8025 адам) – аз қамтамасыз етілгендер, 60,6% (22879 адам) – әйелдер.
1036 адам (103,6%) қысқа мерзімді оқуға жолданды, «Бастау Бизнес» жобасы аясында 1790 адам мемлекеттік грант пен шағын несиелерді алып, өз кәсіптерін ашты. Кәсіпкерлік бастамаларды қолдау мақсатында 886 адам шағын несие алды, 809 жаңа жұмыс орындары ашылды. Жаңа бизнес идеяларды іске асыруға 5011 адам мемлекеттік грант алды. Жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен 31 670 адам қамтылды
Жалпы 20 206 жаңа жұмыс орындары құрылды, оның 85,1%-ы тұрақты (14 974 жұмыс орыны).
Дағдарысқа қарсы шара ретінде қабылданған 2020-2021 жылдарға арналған «Жұмыспен қамту жол картасы» аясында 291 жоба жүзеге асырылды (40,1 млрд. теңге). 10142 жұмыс орны құрылды (100,3%). Орташа жалақы 88 242 теңгені құрады.
Нәтижесінде жұмыссыздық деңгейі пандемия жағдайына қарамастан 4,9 пайыз көлемінде сақталды.
2021 жылы 17954 жаңа жұмыс орындарын құру жоспарланса, оның ішінде13500-і тұрақты жұмыс орны (75%).
Жұмыспен қамту жол картасын жүзеге асыруға 11,7 млрд. теңге көлемінде лимит белгіленген, оның 93,2 пайызы (10,9 млрд.теңге) инвестициялық жобаларға (құрылысқа), 6,7 пайызы шағын несиелендіруге (0,8 млрд.теңге) бағытталмақ.
Әлеуметтік көмек: Өңірде «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған 16 мыңнан астам (16642) көп балалы аналар, 28 мыңнан астам (28119) көп балалы отбасылар бар.
2020 жылы аз қамтылған отбасылар атаулы әлеуметтік көмекпен толық қамтылды. 68 077 адамға (13 056 отбасы) 5,2 млрд. теңгеге атаулы әлеуметтік көмек төленіп (адам басына АӘК орташа мөлшері - 6330 теңге), көмек алушылар қатарындағы еңбекке жарамды жастағы 3 584 адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен қамтылды, оның 1521-і тұрақты жұмысқа орналастырылды.
Биылғы жылы 72 822 адамға (14005 отбасы, 9,4 млрд. теңге) әлеуметтік көмек төленеді, сонымен қатар, атаулы әлеуметтік көмек алушылардың
1–6 жасқа дейінгі 20392 баланы кепілдендірілген әлеуметтік топтамамен қамтамасыз етіледі (1,4 млрд. теңге).
Мүгедектігі бар азаматтардың мәселелері:
Қызылорда облысында мүгедектердің орталықтандырылған деректер қорына сәйкес 30599 мүгедектігі бар адам тіркелген (I топ - 3142, II топ - 10636, III топ - 11604, 18 жасқа дейінгі бала – 5217).
2020 жылы 19 239 жеке оңалту бағдарламасы әзірленіп, оның 16 117-і орындалды. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде облыста мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасының орындалуы 86,8 пайызды құрап, республикалық көрсеткіш бойынша облыс екінші орында орналасты (республикалық көрсеткіш – 77,7 пайыз).
2021 жылы мүгедектігі бар адамдардың 18777 оңалтудың жеке бағдарламаларын орындау жоспарланып отыр (2,9 млрд. теңге).
Төтенше жағдай кезеңінде көмектер: Елімізде жарияланған төтенше жағдай кезеңінде кірістерінен айырылу жағдайы бойынша бір жолғы әлеуметтік төлем 42500 теңге 213 269 адамға (21,0 млрд. тг.) көрсетілді.
Жекелеген санаттағы азаматтарды азық-түлік пен тұрмыстық жиынтығымен қамтамасыз ету үшін 67 865 адам 5567 теңгеден
(1,4 млрд.теңге) әлеуметтік төлем алды.
Аймақтық «Birgemiz Qyzylorda» қоры арқылы жеклеген санаттағы
29 475 адамға 50,0 мың теңгеден 1,5 млрд. теңгегебір реттік көмек берілді.
Бюджеттен тыс қаражат көздерінен халықтың әлжуаз топтарындағы көмекке мұқтаж 14 мыңнан астам отбасына 161 млн.теңгеге азық-түліктей және тұрмысқа қажетті заттар жиынтығы түрінде көмек көрсетілді.