"Алғашқы жұмыс орны" жобасы

"Алғашқы жұмыс орны" жобасы
Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында өткізілген семинарда аудандар мен Қызылорда қалалық жұмыспен қамту орталықтары директорларының қатысуымен «Алғашқы жұмыс орны» жобасын ұйымдастыру мәселесі талқыланды. Орталықтардың мамандары қазіргі таңда осы жобаны ұйымдастыру бойынша жұмыс берушілермен түсіндірме жұмыстарын жұргізуде.
«Алғашқы жұмыс орны» жобасымен жұмысқа орналастыру барлық меншік нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдарда ұйымдастырылады, бұл ретте салық және басқа да әлеуметтік аударымдарды жүйелі жүргізетін, жалақы бойынша мерзімі өткен берешегі жоқ және бір жылдан астам қызмет ететін жұмыс берушілер қатысуға жіберіледі.
Алғашқы жұмыс орнына алғаш рет жұмыс іздеп жүрген түлектер, жиырма тоғыз жастан аспаған, жұмыс тәжірибесі жоқ жұмыс іздеп, жұмыспен қамту орталығына тіркелген адамдар жолданады. Жұмыс берушімен жұмыспен қамту орталығы келісім шарт жасасып, жұмыспен қамтылған жас маманға алғышқы жылына жұмыспен қамту орталығы арқылы бюджет тарапынан 20 айлық есептік көрсеткіш көлмінде жалақы төленеді, әрі қарай жұмыс беруші тұрақты жұмысқа орналастыруға міндетті.