«Қолжетімді Қазақстан» жобалық командасымен кездесу болып өтті

«Қолжетімді Қазақстан» жобалық командасымен  кездесу болып өтті
Үстіміздегі жылдың 18 ақпанында Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында «Орталық Азияның Еуразия Қоры» корпоративтік қорының «Қолжетімді Қазақстан» жобалық команданың іскерлік кездесуі болып өтті.
Кездесуге «Қолжетімді Қазақстан» жобалық команданың атынан серіктесі, компетенцияны дамыту орталығы «ITeachMe» қоғамдық қорының директоры Бегалиева Захира Оңғарбайқызы қатысып, жоба қызметі мен онан күтілетін нәтижелерімен таныстырды.
Кездесуге шақырылған үкіметтік емес ұйым, «Нұр Отан» партиясының Қызылорда облыстық филиалының, мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері өз ұсыныстары мен пікірлерін білдірді.