Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек»» мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылуы туралы 2020 жылдың 1 қарашасы

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған  «Еңбек»» мемлекеттік  бағдарламасының  жүзеге асырылуы  туралы 2020 жылдың 1 қарашасы

2020 жылға Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту «Еңбек» бағдарламасын жүзеге асыруға Қызылорда облысына 12.8 млрд. теңге (26135 адам) қаралған игерілгені 10,3 млрд теңге (79,9%).Соның ішінде дағдарысқа қарсы шараларды іске асыруға 2955,3 млн.теңге бөлініп, 2428,4 млн.теңгесі игерілді немесе 82,1 %.

Бағдарламаға қатысушы ретінде 31939 адам енгізіліп оның ішінде: жұмыссыздар- 53,0% (16952 адам), өз бетінше жұмыспен қамтылғандар- 16,0% (5992 адам), жұмыс іздеушілер - 23,0% (7359 адам), басқалар (оқушылар, студенттер, зейнеткерлер) –5,1% (1635 адам).

Бағдарламаның бағыттары бойынша.

Бірінші бағыт -Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету, соның ішінде:

1) еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауға – 1 қарашасына 1515 адам жолданды

2) жұмысшы кадрларды еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер бойынша қысқа мерзімді оқытуға –1000 адам  304,7 млн.теңге.

1 қарашаға қысқа мерзімді оқуға 1036 адам (103,6%) жұмыс берушілердің сұранысы және ваучер бойынша жолданды.

 Екінші бағыт - Жаппай кәсіпкерлікті дамыту

1) Бағдарламаға қатысушыларды «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға жоспар - 2181 адам. Нақты  2181 –і  оқуды аяқтап сертификатын алған, соның ішінде - 1975 –і оң қорытынды алған, 1637– і  грант пен шағын несиеге  ие болды немесе 82,8%.   

2) ауылдағы және қалалардағы кәсіпкерлік бастамаларды қолдау –824 адам, 3353,3 млн.теңге қаралған, (соның ішінде ауылдық жерлерде 810 адам 3,3 млрд.теңге, қалалық жерлерде 14 адам 250,0 млн теңге). 1 қарашаға 805 адам немесе 93,1 % (3122,1 млн.т.) шағын несие алды (өткен жылы 292 адам несие алған). Қосымша 731 жаңа жұмыс орындары ашылды.

3) жаңа бизнес –идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар –4686 адамға 2584,8 млн.теңге -200 АЕК (530 мың т) жоспарланған.                    1 қарашаға 4229 адам немесе 90,2%  (2203,3 млн.т.) грант алды.

Үшінші бағыт - Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу арқылы еңбек нарығын дамыту және еңбек ресурстарының ұтқырлығы.

Осы бағыт аясында жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен      25 852 адам қамтылды, соның ішінде:

- Бос жұмыс орындарына орналасқаны10 276 адам (жоспар 13900 адам, 73,9%) жолданды.

-Әлеуметтік жұмыс орындарына1204 адам немесе жылдық жоспардың 195,4 % (жоспар – 585 адам, 253,6м лн.т, с.і. РБ 318,7 млн.т.) жолданып, олардың 440- ы жұмысын аяқтап, 260-і тұрақты жұмыспен қамтылды, немесе 59,0% .

 - Жастар тәжірибесіне – 4231 адам немесе жылдық жоспардың  140,6 % (жоспар 3009 адам, 1031,6 млн.т., с.і. РБ -2793 адам, 1124,5 млн.т.), жұмысын аяқтаған 1128 адамның 523-і тұрақты жұмысқа орналасты, немесе 46,3%.

- Қоғамдық жұмыстарға – 10141 адам немесе жылдық жоспардың 109,6 % (жоспар 9250 адам, 1928,1 млн.т.) жолданып, 4476-ы жұмысын аяқтап, олардың 718-і жұмыспен қамтылды (16,0%).

Жыл басынан солтүстік өңірлерге 92 отбасы (құрамында 204 адам) қоныс аудару квотасына енді, соның ішінде: Қостанай облысына 41 отбасы құрамында 92 адамымен, Солтүстік Қазақстан облысына 20 отбасы 26 адам, Шығыс Қазақстан облысына 23 отбасы 46 адам, Павлодар облысына 8 отбасы, 37 адам.