Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру мақсатында жұмыс берушілер арасында ақпараттық – түсіндіру жұмыстарын жүргізу туралы.

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру мақсатында жұмыс берушілер арасында ақпараттық – түсіндіру жұмыстарын жүргізу туралы.

Қазақстан Республикасы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 27 бабына сәйкес жергілікті атқарушы органдар ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерiнде мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін квота белгілейді.

         Осыған байланысты облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Департаменті, Еңбек саласындағы бақылау басқармасы мен Қызылорда қаласы мен барлық аудан әкімдіктері «Ақпараттық түсіндірме жұмыстарын» жүргізу жөніндегі кестесі  облыс әкімінің  қолымен бекітіліп облыс бойынша 163 мекеме, кәсіпорындарда түсіндірме жұмыстары жүргізілетін болады.