
Қызылорда облысында 2026 жылы инватакси қызметін 67 автокөлік жүзеге асыруда (аудандарда - 37, Байқоңыр қаласында - 4, Қызылорда қаласында – 26). Оның ішінде 12 автокөлік кресло-арбамен жүретін мүгедектігі бар адамдар үшін бейімделген.
Жұмыспен қамту бөлімдері мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау жөніндегі қызметтерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес ұйымдастырады.
Инватакси қызметі – мүгедектік мерзіміне арналған дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы негізінде жеке көмекшінің қызметіне, кресло-арбаға оңалтудың жеке бағдарламасы әзірленген және екінші, үшінші дәрежелі өзіне-өзі қызмет көрсету және өзінің мінез-құлқын бақылау қабілеті шектелген ауыр және айқын психикалық бұзылулары бар мүгедектігі бар адамдар мен мүгедектігі бар балаларға көрсетіледі.
Инватакси қызметін алу үшін өтініш беруші инватакси қызметін көрсететін ұйымға мынадай құжаттарды ұсынады:
1) өтініш (еркін нысанда);
2) жеке басын куәландыратын құжат немесе туу туралы куәлік;
3) дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы;
4) мүгедектік туралы анықтама.
Инватакси қызметін - мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау жөніндегі қызметтерді таксимен тасымалдаушы ретінде қызметінің басталғаны туралы хабарлама берген және «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес рұқсаттар және хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімінде тұрған, тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру туралы шарттың жасасқан, сондай-ақ иелігінде инватакси, қызмет көрсету үшін қажетті персоналдың жұмысы үшін шарттары бар, оның ішінде мүгедектігі бар адамдардан тапсырыстарды қабылдауға арналған, өтінімдерді қабылдау үшін ұялы байланысты қоса алғанда және Интернет желісі арқылы көрсетілетін қызметтердің сапасы мен санын бақылау үшін телефон келіссөздерін жазу мүмкіндігін қамтамасыз ететін құрылғымен жабдықталған өтінімдерді қабылдау үшін кемінде екі телефон нөмірімен жарақтандырылған диспетчерлік қызметі бар ұйым көрсетеді.
Инватакси қызметтерін алу үшін өтінім жоспарланған сапар күніне дейін бір күн бұрын инватакси қызметін көрсететін ұйымның диспетчерлік қызметіне телефон арқылы беріледі.