Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы жария талқылаулар

Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы жария талқылаулар

Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасымен «Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру немесе ұзарту» және «Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 2025 жылдық есебі бойынша жария талқылау отырысы өткізілді.

Жария талқылаулар көрсетілетін қызметті берушілер қызметінің есептілігі мен ашықтығы, мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі, мемлекеттік қызметтер көрсету процесін тұрақты жетілдіру, оларды көрсетудің үнемділігі мен тиімділігі қағидаттарын іске асыруды қамтамасыз етуге де арналған.
Жария талқылау отырысына облыс аумағындағы шетелдік жұмыс күшін тартатын кәсіпорындардың өкілдері қатысты.

Жария талқылау барысында «Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру немесе ұзарту» және «Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің тәртібі бойынша ақпараттық түсіндірмелер берілді.
Жария талқылауға қатысушылар өздерінің сұрақтарына нақты жауаптар алды.