Меню
Страницы
Құжаттар
Қызметі
Басқарма туралы
Байланыс ақпарат
Баспасөз орталығы
Онлайн қабылдау
Все материалы
14 октября 2024
Қазақстанда мүгедектігі бар азаматтар күні атап өтіледі

Қазан айының екінші жексенбісінде елімізде мүгедектігі бар азаматтар күні атап өтіледі. Тәуелсіздік алған 30 жылдан астам уақыт ішінде республикада ерекше қажеттіліктері бар адамдардың құқықтарын қорғау және өмір сүру сапасын арттыру саясаты жүйелі түрде іске асырылуда. Бұл күн – әр адамның түрлі ерекшеліктеріне қарамастан өзін құнды және қажет екенін сезінетін инклюзивті қоғам құрудың маңыздылығын атап өтудің тағы бір салмақты себебі болып табылады.

Мүгедектігі бар адамдардың арасында дарынды суретшілер, табысты бизнесмендер, қоғам қайраткерлері бар. Олар инновациялық технологиялар жасап, шабыт сыйлайтын кітаптар жазып, әлеуметтік жобалар жасауда. Олар қоғам дамуына баға жетпес үлес қосып келеді.

Биыл Париждегі Паралимпиада ойындарында үздік нәтиже көрсеткен мүгедектігі бар спортшыларымыз еліміздің ерекше мақтаныштарына айналды. Біздің республика құрамасы 9 медальға ие болды: 2 алтын, 3 күміс және 4 қола. Олардың жетістіктері мүгедектік қол сілтеп, бәрінен күдер үзуге болмайтынынң айқын мысалы болып табылады.

Паралимпиадалық ойындардағы жетістік мемлекетіміздің мүгедектігі бар азаматтардың құқықтарын қорғау, өмір сүру сапасын жақсарту және ерекше қажеттіліктері бар адамдарды қоғам өміріне қосу бойынша дәйекті саясаттының нәтижесі.

Еліміздеде мүгедектігі бар азаматтарға білім беру, жұмыспен қамту, денсаулық сақтау, әлеуметтік көмек, оңалту қызметтері, саяси және қоғамдық өмірге қатысу және т. б. құқықтарын жүзеге асыруға кепілдік беретін заңнама бар. Барлық өңірлерде қолжетімді орта құру, жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету және ерекше қажеттіліктері бар адамдарды техникалық көмекші құралдармен және арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдануда.

«Осы жылы еліміз БҰҰ-да Мүгедектігі бар азаматтардың құқықтары туралы конвенцияны жүзеге асыру мақсатында қабылданған шаралар туралы алғашқы баяндаманы қорғады. БҰҰ комитеті Қазақстан қабылдап жатқан шараларды жоғары бағалады және 2030 жылға дейінгі инклюзивті саясат тұжырымдамасында іске асырылатын бірқатар маңызды ұсынымдарды ұсынды.

27 сентября 2024
Қызылордада еңбек адамдарына ақшалай сертификаттар мен шипажайға жолдама табысталды

Еңбек күні қарсаңында ұйымдастырылған «Адал азамат – Адал еңбек» атты салтанатты іс-шарада облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев ұзақ жылдар бойы адал жұмыс істеген мамандарға құрмет көрсетті. Мерекелік жиынға Парламент депутаттары Наурызбай Байқадамов, Руслан Рүстемов, Мұрат Әбенов, Мархабат Жайымбетов, Мұрат Ергешбаев, Қазақстанның Еңбек Ері Имамзада Шағыртаев және еңбек адамдары қатысты.
Аймақ басшысы жерлестерін айтулы мерекемен құттықтап, ізгі тілегін білдірді.
«Бұл мереке – адал еңбегімен, маңдай терімен ел дамуына өлшеусіз үлес қосқан сіздерге деген құрметтің көрінісі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Ұлттық құрылтайда, халыққа арнаған Жолдауларында кәсібилік пен еңбекқорлық қоғамымызда ең жоғары орында тұруы, еңбекқор адам, кәсіби маман ең сыйлы адам болуы тиіс екендігін әрдайым айтып келеді. Биылғы Жолдауында 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялады. Алдағы уақытта техникалық және кәсіптік білім берудің маңызы арта түсері сөзсіз. Өйткені, экономиканы өркендетуге білікті мамандар қажет. Аймақтың еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтардың ұзақ мерзімді болжамын анықтау үшін мамандықтар атласы әзірленуде. Менің тапсырмам бойынша Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті осы мақсатта 20 қызметкерді арнайы оқудан өткізді. Ел Президентінің жұмысшы және орта буын мамандықтар бойынша білім алуға ниетті жастарды 100 пайыз тегін кәсіптік біліммен қамту тапсырмасына орай келесі жылы бюджет есебінен 5 308 орынға мемлекеттік тапсырыс бөлінуде. Осылайша біз жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда білікті мамандарды қалыптастыра аламыз», – деді Нұрлыбек Машбекұлы.
Іс-шарада Қызылорда облысының құрметті азаматы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері Қорғанбек Қайруллаев, Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов облыс тұрғындарын мерекемен құттықтады. Сондай-ақ, Қазақстанның Еңбек Ері Имамзада Шағыртаев сөз сөйлеп, жерлестерін қажырлы еңбек етуге, үздіксіз дамуға шақырды.
Іс-шара соңында еселі еңбек етіп, ел алғысына бөленген азаматтарға облыс әкімінің Алғыс хаты мен ақшалай сыйлықтар табысталды. Біліктілігімен, өз ісіне жоғары жауапкершілігімен сый-құрметке бөленген 10 азаматқа 400 мың теңгелік сертификат, тағы 10 азаматқа шипажайға жолдама берілді.
Марапатталғандардың атынан «Қызылорда тазалығы» ЖШС жұмысшысы Жанар Тайшаева мен «Көлжан» ЖШС «Солтүстік-Батыс Қызылқия» кен орнын пайдалану шебері Жанболат Жармұхамбетов пікір білдірді. Жанар Шарапатқызының еңбек өтілі 40 жыл, оның 10 жылында «Қызылорда тазалығы» ЖШС-де жұмыс жасап келеді. Қызылорда қаласы әкімдігінің, кәсіпорын басшылығының Алғыс хаттармен марапатталған. Ал, Жанболат Жармұхамбетов «Көлжан» ЖШС-де 2010 жылдан бері қызмет атқарады. Олар бүгінгі сый-құрметке адал еңбектің арқасында жеткенін айтып, облыс басшылығына көрсеткен қолдауы үшін ризашылығын жеткізді.

Последние новости

18 сентября 2024
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін трансформациялау шеңберінде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету (АӘҚК) саласында елеулі өзгерістер енгізілетін болады

Бұл инновациялар халықты әлеуметтік қорғауды жақсарту жөніндегі мемлекеттік саясаттың бір бөлігі болып табылатын әлеуметтік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға бағытталған.
Жан басына шаққандағы қаржыландыруға көшу
Негізгі өзгерістердің бірі арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар үшін жан басына шаққандағы қаржыландыруға көшу болады.
Қазіргі уақытта мұндай ұйымдар екі жолмен: мемлекеттік ұйымдар үшін жоспарлы қаржыландыру және үкіметтік емес ұйымдар үшін мемлекеттік тапсырыс шеңберінде қаржыландырылады.
2025 жылдан бастап АӘҚК көрсету жүйесі жан басына шаққандағы норматив негізінде жұмыс істейтін болады, бұл мұқтаждарды, әсіресе ауылдық жерлерде қамтуды едәуір кеңейтуге мүмкіндік береді. Бұл жаңалық 2023 жылдың шілдесінен бастап Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Түркістан облыстарын қоса алғанда, еліміздің алты өңірінде, сондай-ақ Астана және Шымкент қалаларында сыналды.
Жан басына шаққандағы норматив ұйымның түрін, қызмет алушылар контингентін және аумақтық ерекшеліктерін ескеретін болады.
Қосымша қызметтер қажеттіліктерді бағалау негізінде қаржыландырылатын болады, бұл қызметтерді күшейтілген күтімді талап ететін азаматтардың жеке қажеттіліктеріне бейімдеуге мүмкіндік береді.
Лицензиялауды енгізу
Екінші маңызды жаңалық арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуді лицензиялау болады. Бұл шара көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылауды күшейтуге және процесске кәсіби ұйымдарды тартуға бағытталған. Меншік нысанына қарамастан мемлекеттік және жеке ұйымдар лицензиялауға жатады.
Осы жаңашылдықты іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасының заңнамасына АӘҚК саласындағы қызметті лицензиялау туралы нормалар енгізілді, тиісті заңға тәуелді актілер қабылданды және ұйымдарға біліктілік талаптары белгіленді. Лицензиялауды Министрлік жанындағы жаңа комитет жүзеге асырады және бұл қызмет ұйымдар үшін тегін болады.
Лицензиялау процессі цифрландыруды да қамтиды, бұл ғимараттардың санитарлық-эпидемиологиялық және өртке қарсы нормаларға сәйкестігі, қажетті жабдықтар мен жиһаздардың болуы, сондай-ақ кадрлардың біліктілігі сияқты талаптардың сақталуын жедел бақылауға және бақылауға мүмкіндік береді. Бұл талаптарды сақтамау қызмет алушыларға қызмет көрсетудің жоғары сапасы мен қауіпсіздігіне кепілдік беретін қызмет көрсету құқығынан айыруға әкеледі.
Лицензия алу процессін сынақтан өткізу үшін мемлекеттік Арнаулы әлеуметтік қызметтер орталықтарына белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін тексеруге мүмкіндік беретін «Имитациялық модель» іске қосылды.
Бұл өзгерістер көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсартуға, олардың қолжетімділігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған, бұл Қазақстанның әлеуметтік қорғау жүйесін трансформациялаудағы маңызды қадам болады.

17 сентября 2024
Әлеуметтік қордан қазақстандықтарға 70 мың теңге төленетіні туралы ақпарат – фейк

1949-2010 жылдар аралығында туған Қазақстан азаматтарына белгісіз әлеуметтік қордан 70 000 теңге аударылатыны туралы әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде таратылып жатқан ақпарат шындыққа жанаспайды. Қаражатты аудару үшін белгісіз адамдар сілтемеге өтуді ұсынады.

Әлеуметтік көмектің мұндай түрі жоқ екенін хабарлаймыз. Тиісінше, хабарламада көрсетілген сілтеме алаяқтар үшін азаматтардың жеке деректерін алу тәсілі болуы мүмкін. Алаяқтармен өзара әрекеттесуді болдырмау үшін сілтемеге өтпеуге кеңес береміз.

Мемлекеттік қолдаудың тиісті шаралары туралы ресми ақпарат тек қана 1414 нөмірінен СМС-хабарламалар арқылы таратылады.

Азаматтардан тек ресми көздердегі ақпаратты пайдалануын сұраймыз.

Жалған ақпарат тарату заңмен жазаланатынын естеріңізге саламыз.

24 июля 2024
Мансап орталықтарында виртуалды шындықта оқытуға арналған кабинеттер пайда болуы мүмкін

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Ашық НҚА» порталында талқылау үшін Кәсіптік оқытуды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларына түзетулер жобасын әзірледі және орналастырды, оның шеңберінде Skills Enbek онлайн-платформасындағы курстар практикалық сабақтармен, оның ішінде виртуалды шындық технологияларын пайдалана отырып толықтырылатын болады.

Осы жаңашылдықты іске асыру үшін Мансап орталықтарында білім алушылар VR шлемдер мен ноутбуктерді пайдалана алатын арнайы жабдықталған кабинеттер пайда болады.

Түзетулер жобасы «Ашық НҚА» порталында а. ж. 1 тамызына дейін жария талқылау үшін орналастырылған: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15141972.

Естеріңізге сала кетейік, Skills Enbek кәсіптік оқыту платформасы қазақстандықтарға онлайн-курстардан өту арқылы жаңа дағдылар мен тіпті кәсіптер алуға мүмкіндік береді. Тек 2024 жылы 61 мыңнан астам азамат оқудан өтіп, тиісті сертификаттар алды.

Бүгінгі таңда Skills Enbek порталында 500-ге жуық курс орналастырылған, оның жартысынан көбі тегін. Курстардың ұзақтығы 1-ден 72 сағатқа дейін.

Оқуға тікелей https://skills.enbek.kz/ сілтемесі арқылы немесе enbek.kz сайтында «Онлайн оқыту» бөлімін таңдау арқылы қол жеткізуге болады.

04 июля 2024
Business.enbek.kz порталында 15 шілдеден бастап 2-лек бойынша бизнес-идеяларды іске асыру үшін гранттар алуға өтінімдер қабылдау басталады

Business.enbek.kz порталында (бұдан әрі - Портал) 2024 жылғы 15 шілдеден бастап 2-лек бойынша жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін гранттар алуға өтінімдер қабылдана бастайды. Республика бойынша екінші лекте 4 655 адамға грант беру жоспарлануда.

Гранттар қайтарымсыз негізде беріледі, нысаналы мақсаты жаңа бизнесті бастау және дамыту болып табылады.

Грант көлемі 400 АЕК-ті (1 476 800 теңге) құрайды. Әр қатысушы оны тек бір рет ала алады.

Грант қаражаты ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге өздерінің бизнес-әлеуетін ашуға, өндірісті жолға қоюға және дамытуға, сол арқылы өзін тұрақты табыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Өтінім беру үшін қажет:

-        Порталда тіркелу;

-        грант алу шарттарына сәйкестігіне тексеруден өту;

-        бизнес-жоспар үлгісін жүктеп алып, оны толтыру және порталға енгізу;

-        өтініш нысанын толтыру және ЭЦҚ кілтімен қол қою.

Интернетке немесе компьютерге қолжетімділік болмаған жағдайда, мансап орталықтарының өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтарында, халыққа қызмет көрсету орталықтарында өтінім беруге болады.

Грант алу үшін бірқатар шарттарды сақтау қажет.

Жаңа бизнес-идеяны іске асыруға грант алуға үміткер бола алады:

-        тіркелген жұмыссыздар;

-        жеке кәсіпкерлер (тіркеу мерзімі 3 жылға дейін).

Бұл ретте үміткер төмендегі әлеуметтік санаттардың бірінен болу керек:

-        мүгедектігі бар адамдар;

-        қолданыстағы «кандас» мәртебесі бар адамдар;

-        өңіраралық қоныс аударушылар

-        аз қамтылған отбасы мүшелері;

-        көпбалалы отбасы мүшесі (жұбайы / зайыбы);

-        мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған адам (жұбайы / зайыбы);

-        асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы алушылар.

Үміткердің «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту туралы 3 жылдан аспайтын мерзімге сертификаты болуы тиіс.

Рәсімдердің ашықтығын қамтамасыз ету, адами факторды азайту, өтініш берушілерге ыңғайлы болу үшін гранттар берудің бүкіл процесі электрондық форматқа ауыстырылды. Грант алуға өтінімдерді қабылдау бірыңғай терезе – «Business.enbek.kz» порталы арқылы жүзеге асырылады.

Грантты: қажетті құрал-саймандарды, еңбек құралдарын, технологиялық жабдықтарды, малдарды, жануарларды, құстарды, көшеттерді, бұталарды, тұқымдарды сатып алуға, орын-жайларды жалға алу ақысын төлеуге алуға болады.

Гранттар: тұтынушылық мақсаттарға, кредиттік қарыздарды өтеуге, жылжымайтын тұрғын үй сатып алуға және салуға, жер учаскелерін сатып алуға, акцизделетін өнімдер өндіруге берілмейді.

Гранттарды Еңбек мобильділігі орталықтары грант алуға үміткерлердің өтініштерін қарау жөніндегі аудандық/қалалық комиссияның шешімі негізінде береді.

Үміткерлер өз бизнес-жобасын комиссия отырыстарында таныстырады. Бұл ретте комиссияның әрбір мүшесі бизнес-жоспарды бағалайды және бағалау парағын мынадай өлшемшарттар бойынша толтырады: бизнес-идеяның бәсекеге қабілеттілігі, өткізу нарықтарының пысықталуы, бизнес-жобаның қаржылық өміршеңдігі, кәсіпкерлік дағдылардың деңгейі, жаңа жұмыс орындарын құру.

Осылайша, грант беру туралы шешім комиссиялық түрде және үміткерлердің бизнес-жобаларының пысықталуын бағалаудың нақты өлшемшарттары негізінде қабылданады.

Комиссия шешімі үміткердің Порталдағы жеке кабинетіне жіберіледі. Комиссияның оң шешімі болған жағдайда үміткер банк деректемелерін ұсынады, шартқа қол қояды және одан әрі тоқсан сайын қаражаттың пайдаланылуы туралы есеп береді. Мұның бәрі Еңбек мобильділігі орталықтары мен оның филиалдарына (мансап орталықтарына) бармай-ақ, электрондық форматта жасалады.

25 июня 2024
Еңбекші көшіп келушіге рұқсат беру, ұзарту және кері қайтарып алу ережелері өзгереді

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі еңбекші көшіп келушіге рұқсат беру және ұзарту тәртібін одан әрі жетілдіру мақсатында Еңбекші көшіп келушілерге рұқсат беру, ұзарту және кері қайтарып алу қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) түзетулер әзірледі. Бұйрықтың жобасы осы жылғы 3 шілдеге дейін жария талқылау үшін «Ашық НҚА» порталында орналастырылған.

Құжат Электрондық үкімет порталы арқылы, сондай-ақ migration.enbek.kz платформасы арқылы мемлекеттік қызмет көрсетуді көздейді. Сондай-ақ, еңбекші көшіп келуші жұмыс берушіні ауыстырған кезде хабарлау тетігін енгізу ұсынылады.

Азаматтары үй шаруашылығында жұмыс істеуге рұқсат ала алатын елдер көрсетілген.

Салық кодексіне сәйкес жеке табыс салығын төлеу сомалары нақтыланды.

Еңбекші көшіп келушілерге 12 айға дейінгі мерзімге рұқсат беру тетігі оңайлатылды, сондай-ақ рұқсатты беруден және ұзартудан бас тарту негіздері айқындалды.

Қағидамен толығырақ «Ашық НҚА» порталында https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15093678 сілтемесі бойынша танысуға болады.

20 июня 2024
Еңбекмині арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге қойылатын талаптарды әзірледі

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» заңға сәйкес «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» бұйрықтың жобасын әзірледі. Бұйрықты қабылдау көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Құжат «Ашық НҚА» порталында орналастырылған.

Бүгінгі күні арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетілетін қызметтердің шарттарын, көлемін және сапасын айқындайтын арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарына сәйкес көрсетіледі.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әйелдер құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды іске асыру шеңберінде 2025 жылдан бастап елде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдарға қойылатын талаптарды белгілейтін арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жүйесін лицензиялау енгізіледі.

Осыған байланысты: ғимараттарға, жиһазбен, құрал-саймандармен және жұмсақ жабдықтармен жарақтандыруға, санитариялық-эпидемиологиялық және өртке қарсы нормаларды сақтауға, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдардың кадр құрамына қойылатын біліктілік талаптарын қабылдау қажет.

Осы біліктілік талаптары меншік нысанына қарамастан лицензиялауға жататын мемлекеттік және жеке ұйымдарға қолданылатын болады.

Осылайша, лицензиялау жоғарыда аталған қызметтерді көрсету нарығына тек жоғары білікті кадрлық құрамы, жайлы ғимараттары (жағдай) және жақсы материалдық-техникалық жарақтары бар ұйымдардың ғана қол жеткізуін қамтамасыз етеді. Бұл көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға және олардың алушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Бұйрық жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды. Оны іске асыру мемлекеттік бюджет қаражатынан қосымша қаржылық шығындарды талап етпейді.

Құжатпен «Ашық НҚА» порталында танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15089999

18 июня 2024
Әуелгі міндет – әлеуметтік жауапкершілік

Өткен аптада облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ғабит Жаңабаев аймақтағы ірі мұнай компанияларының бірі «Торғай-Петролеум» акционерлік қоғамының келісім-шарттық аумағы – «Құмкөл» кен орнында арнайы болып, онда еңбек етіп жатқан жұмысшылардың жағдайымен танысты.

06 июня 2024
Н. Сағындықова Қызылорда облысының тұрғындарына жаңа әлеуметтік саясатты іске асыру туралы хабарлады

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Назгүл Сағындықова Қызылорда облысына жұмыс сапары аясында бірқатар әлеуметтік мекемелердің жұмысымен танысты, өңір тұрғындарымен кездесіп, азаматтарды жеке қабылдады, сондай-ақ Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифинг барысында журналистердің сұрақтарына жауап берді.

Жұмыс сапары аясында вице-министр балаларға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының жұмысымен танысты, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығына, сондай-ақ мүгедектігі бар адамдарға арналған оңалту орталығына барды.

Өңір тұрғындарымен кездесу барысында Назгүл Сағындықова зейнетақы төлемдерін ұлғайту, әлеуметтік көмек пен қолдау жүйесін қайта қарау, мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын арттыру мәселелеріне егжей-тегжейлі тоқталып, жаңа әлеуметтік саясаттың іске асырылуы туралы хабардар етті.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2023 жылы ең төмен базалық зейнетақы мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейінен 54%-дан 60%-ға дейін, 2024 жылы – 65%-ға дейін, ал ең жоғары – 100%-дан 105%-ға дейін ұлғайтылды.

«Ынтымақты зейнетақыны есептеу үшін қабылданатын ең жоғары табыс мөлшері 46-дан 55 айлық есептік көрсеткішке дейін көтерілді. Қызылорда облысында зейнетақының жиынтық орташа мөлшері 155,8 мың теңгені құрады.

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап инфляция деңгейін ескере отырып, әлеуметтік төлемдерді жыл сайынғы индекстеу шеңберінде ынтымақты зейнетақылардың өсуі 9%-ды (инфляция деңгейінен 2% - ға озып) құрады. Сондай-ақ, ең төмен күнкөріс деңгейінің өзгеруіне байланысты базалық зейнетақы мөлшері ұлғайтылды. Жалпы республика бойынша зейнетақы төлемдеріне 2023 жылы 3 трлн 300 млрд теңге бағытталды, 2024 жылы 3 трлн 785 млрд теңге бағыттау жоспарлануда», – деді Сағындықова.

Сондай-ақ, вице-министр әлеуметтік қолдау жүйесін жаңғырту туралы айтты. Атап айтқанда, өткен жылы мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері 8,5%-ға индекстелді. 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап бала күтімі бойынша жәрдемақы төлеу мерзімі бір жылдан бір жарым жылға дейін ұзартылды, «Алтын алқа» алқасымен, «Батыр ана» атағы бар I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған аналарға берілетін жәрдемақы мөлшері 6,4-тен 7,4 АЕК-ке дейін, сондай-ақ мүгедектігі бар бала тәрбиелеп отырған адамдарға ол кәмелетке толғанға дейін төленетін жәрдемақы мөлшері 1,4-тен 1,61 ең төмен күнкөріс деңгейіне дейін ұлғайтылды.

Сонымен бірге вице-министр Отбасының цифрлық картасы мен мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың жүйелерімен жаңа интеграцияларды пайдалана отырып, атаулы әлеуметтік көмектің (бұдан әрі – АӘК) алдағы трансформациясы туралы айтты.

«Мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп АӘК тағайындауға үміткер қазақстандықтардың негізгі шығыстарын есепке алу және верификациялау тетігі пысықталуда. Жылжымалы немесе жылжымайтын мүлікті сатып алуға, оқу ақысы мен қосымша білім алуға, демалыс пен ойын-сауыққа, сауықтыруға, жиһаз, тұрмыстық техника заттарын сатып алуға, кредиттерді өтеуге және т.б. сияқты негізгі шығыстардың түрлерін қарастыру жоспарлануда.

Ұсынылып отырған алгоритм АӘК тағайындауға өтініш берген азаматтарға олардың кірістері мен шығыстарын тексеруге келісім алуға SMS-хабарлама жіберуді көздейді. Бұл банктік құпияны ашу және үшінші тұлғалардың ақпаратқа қол жеткізуіне қатысты емес. Тексерулер ақпараттық жүйелерді интеграциялау есебінен автоматты түрде жүргізілетін болады. Бұл шын мәнінде мұқтаж азаматтарды анықтауға және оларға мемлекет тарапынан мақсатты қолдау көрсетуге мүмкіндік береді», – деді Назгүл Сағындықова.

Сондай-ақ, вице-министр мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын арттыру және олардың қоғамға әлеуметтік кірігуі бойынша қабылданып жатқан шаралар кешені туралы хабардар етті.

2024 жылы бірнеше негізгі бағыттар бойынша жұмыс жүргізілуде, олардың ішінде: нысаналы индикаторлары бар ҚР инклюзивті саясат тұжырымдамасын қабылдау, арнаулы әлеуметтік қызметтер (бұдан әрі – АӘҚ) көрсету жүйесін трансформациялау, халыққа әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарының қызметін цифрландыру, техникалық құралдар мен оңалту қызметтерінің кейбір түрлерін монетизациялау.

«Инклюзивті саясат тұжырымдамасын қабылдау әрбір азамат дамудың жеке ерекшеліктеріне қарамастан лайықты өмір сүруге және өзінің әлеуетін іске асыруға мүмкіндігі бар қоғам құруға мүмкіндік береді. АӘҚ беру жүйесін трансформациялау азаматтарымыздың қажеттіліктерін ескере отырып, неғұрлым тиімді және сапалы қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді», – деп атап өтті Назгүл Сағындықова. 

Ол сондай-ақ мүгедектігі бар адамдардың заңды құқықтарын қамтамасыз ету және олар үшін қолжетімді ортаны қалыптастыру мақсатында 2023 жылы жергілікті атқарушы органдар әлеуметтік инфрақұрылымның 4 926 объектісін бейімдеу бойынша іс-шаралар жүргізгенін, оның ішінде Қызылорда облысында 366 объектіде мүгедектігі бар адамдардың барлық санаттары үшін бейімдеу жүргізілгенін атап өтті.

Сонымен қатар вице-министр өңір тұрғындарын жұмыспен қамту шаралары туралы да хабардар етті. Осы жылдың басынан бастап Қызылорда облысында 17,9 мыңнан астам адам жұмысқа орналастырылды. Жаңа бизнес-бастамаларды іске асыру үшін азаматтардың әлеуметтік осал санаттары үшін 400 АЕК (1 476 800 теңге) мөлшерінде 1 556 грант және жастар үшін жылдық 2,5%-бен 5 млн теңгеге дейін 400 жеңілдетілген микрокредит беру жоспарлануда.

Социальные сети
Facebook
Меню подвал
Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты