«Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығына сәйкес, 01.06.2026 ж.- 30.06.2026 ж. аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізетінін хабарлайды.
Аталған мемлекеттік мекеменің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша ұсыныстар болған жағдайда ukzsp@korda.gov.kz электрондық поштасына жолдауларыңызды немесе мына мекенжайға Қызылорда қаласы, Бекзатхан Асқар көшесі, 47, сонымен қатар, сенім телефоны: 8 (7242) 27-02-06 хабарласуларыңызды сұраймыз.
Ұсынылған ұсыныстар сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша ұсынымдар әзірлеу кезінде пайдаланылатын болады.