«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V Заңының 23-бабының 6-тармағына сәйкес «Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі көрсетілетін қызметті берушілердің, мүдделі жеке және заңды тұлғалардың қатысуымен «Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру немесе ұзарту» және «Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту» мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша қызметтер есебінің жария талқылауын өткізетіндігін хабарлайды.
Жария талқылау 2026 жылдың 16 сәуірінде сағат 11:00-де, Қызылорда қаласы, Бекзатхан Асқар көшесі, № 47 үй мекенжайы бойынша 4-қабат, мәжіліс залында өткізіледі.
Қосымша ақпаратты келесі байланыс телефоны арқылы алуға болады: 8/7242/400816(7606).