ШИЕЛІДЕ "ТАЗА ҚАЗАҚСТАН" ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫНА 300-ДЕН АСТАМ ЕРІКТІ ҚАТЫСТЫ

ШИЕЛІДЕ "ТАЗА ҚАЗАҚСТАН" ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫНА 300-ДЕН АСТАМ ЕРІКТІ ҚАТЫСТЫ
Науқан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың облыстар мен қалалардың әкімдеріне аумақтарды абаттандыру және көгалдандыру жөніндегі науқанды бастауды тапсырмасы аясында жанданып отыр.
Осы орайда, Шиелі ауданында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталатын болсақ, былтырғы жылы аудан аумағында 36 мың түп ағаш отырғызылып, күтіп-бапталуда. Ал, ағымдағы жылы бүгінгі күнге дейін 31 мың 500 ағаш көшеттері егілді. 48 мың ағаш түптеріне әктеу жұмыстары жүргізілді. 420 көлікпен арнайы қоқыс полигондарына 1680 куб қоқыс шығарылды.
Бүгін акция аясында Ыбырай Жақаев атындағы орталық саябақта ардагерлеріміздің, шаруа қожалықтардың, жастардың, мекеме қызметкерлерінен құралған 340 ерікті азаматтардың, 15 техниканың қатысуымен 500 түп ағаш көшеттерін егу, тазарту көркейту-көгалдандыру жұмыстары жүргізілді.