Бүгін аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ғимаратында "Мансап" орталығының ұйымдастыруымен бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті.
Жәрмеңкеде 20 жұмыс берушілерден 48 бос жұмыс орындары және 16 жұмыс берушіден 41 уақытша жұмыс орындары ұсынылды.
Аталған шараға аудан әкімі Нұржан Ахатов та қатысып, жұмыс істеймін деген адамға мемлекет тарапынан барлық жағдайлар жасалып жатқандығын, соның ішінде бос жұмыс орындары жәрмеңкесінің көмегі мол екендігін айтты.
Айта кетейік, бүгінгі жәрмеңкеде айлық жалақысы 300 мың теңгені құрайтын Гежуба Шиелі цемент зауытына қарасты "Quicline ЖШС" ұсынып отырған "эксковатор жүргізушісі", айлық табысы 150 мың теңге мөлшеріндегі Уранэнерго ЖШС Шиелі филиалы ұсынып отырған "кезекші электромонтер", "электромонтер" бос жұмыс орындары және "Флай" мейрамханасы ұсынып отырған тазалақшы офицант, ыдыс жуушы, балалар ойын алаңына жауапты қызметші секілді жұмыс орындары ұсынылды.
Флай мейрамханасы аталған қызмет орындарына 6000-7000 теңге мөлшерінде жалақы және қосымша үстемақылар ұсынып отыр.