Аймақ басшысының тапсырмасына сәйкес, бүгінде Бәйтерек ауылдық округінде егін егуге ниет білдірген 90 отбасыға шаруашылық құрылымдар көмегімен 292 гектар жер дайындалып беріліп, бау-бақша дақылдарын егу жұмыстары қарқынды жүруде.
Айта кетейік, облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес Шиелі ауданында әр отбасының өзін-өзі әлеуметтік маңызы бар өнімдермен қамтамасыз ету үшін бүгінде 1520,4 гектар жер дайындалып, 1390 егін егуші азаматтарға жер беру жұмыстары үйлестіріліп, түрлі бау-бақша өнімдері егілуде.