
Осынау тарихи мерекенің еліміз үшін мәні зор, құрметі ерекше. Өйткені, тіл тағдыры - ел тағдыры.
Кеше аудандық мәдениет үйінде тілдер мерекесіне орай, «Тіл- бабаның үні - ұлттың жүрегі» атты тақырыбында шара өтті. Мерекелік іс-шарада мекемелердің қызметкерлері, ауданның этнос өкілдері, бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.
Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі басшысының міндетін атқарушы Ж. Отарбаева сөз алып, мерекелік кешті ашып берді.
Тілдің мемлекеттік мәртебесін қалыптастыруға, қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге, тілін, елін сүйе білуге үйрететін бұл мерекелік іс-шараға этнос өкілдері белсенді қатысып, алғыс хаттармен марапатталып сый-сыяпат табысталды.
Тіліміздің мәртебесі биік, абыройы асқақ болсын!