ШИЕЛІ АУДАНЫНДА ТАНЫМАЛ ТЕЛЕЖУРНАЛИСТ РУСЛАН БӨЛЕБАЙ АТЫНДАҒЫ "ЖАЛЫНДАП ӨТКЕН ЖАС ҒҰМЫР" АТТЫ ЖЫР МҮШӘЙРАСЫ ӨТТІ

ШИЕЛІ АУДАНЫНДА ТАНЫМАЛ ТЕЛЕЖУРНАЛИСТ РУСЛАН БӨЛЕБАЙ АТЫНДАҒЫ "ЖАЛЫНДАП ӨТКЕН ЖАС ҒҰМЫР" АТТЫ ЖЫР МҮШӘЙРАСЫ ӨТТІ

Бүгін Шиелі ауданында 28 маусым − Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күніне орай жерлесіміз танымал тележурналист, әнші Руслан Бөлебай атындағы аудандық жыр мүшәйрасы өтті.

Мүшәйраға жеті ақын қатысып тақырыпты ашуға тырысты,  ақын, ҚР Мәдениет қайраткері Кенжебай Жүсіп Сыздықұлы, ақын, Республикалық ақындар айтысы мен жыр мүшәйраларының жеңімпазы Талғат Күзембаев және аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Жібек Баймұратова қазылық жасады.

Барлық қатысушыларға номинациялар мен ынталандыру сыйлықтары табысталды.