2022 жылғы 29 мамырға тағайындалған Ақтоған, Қоғалы ауылдық округтері әкімдерін сайлаудағы кандидаттарды ұсыну қорытындысы туралы

2022 жылғы 13 мамыр күні, сағат 18:00-де кандидаттарды ұсыну кезеңі аяқталды. Шиелі  ауданы бойынша Ақтоған, Қоғалы  ауылдық округі әкімдеріне  барлығы 6 кандидат ұсынылды, олардың ішінде 2-уі (33,3%) – саяси партиядан, 4-уі (66,7%)- өзін өзі ұсыну жолымен ұсынылды.

 Орташа бәсекелестік бір орынға 3 адам құрады.

Қазіргі уақытта ұсынылған кандидаттардың заңнама талаптарына сәйкестігін анықтау және кандидаттарды  тіркеу бойынша шаралар жүргізілуде. Тіркеу 2022 жылғы 18 мамыр, сағат 18:00-де аяқталады.

Екі округтен екіден артық адам ұсынылған.

Кандидаттар шығып қалған және баламалылық болмаған (сайлау округінде екіден аз кандидат) жағдайда, заңнамаға сәйкес ұсыну мерзімі бес күннен аспайтын уақытқа ұзартылады.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-5 бабының 9 тармағына сәйкес кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы ақпарат БАҚ жарияланады.