2021 жылғы 1 тамызда өткізілген Талаптан ауылдық округ әкімін сайлаудың қорытындысы туралы ХАБАР

2021 жылғы 1 тамызда өткізілген Талаптан ауылдық округ әкімін сайлаудың қорытындысы туралы  ХАБАР

Сайлау қорытындысы 

2021 жылы 1 тамызда Шиелі ауданында Талаптан ауылдық округі бойынша ауылдық округі әкіміне сайлау өтті.

Шиелі аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабы 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес ауылдық округінің  әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссиясы хаттамаларының нәтижелерін анықтады: 

Талаптан ауылдық округтің әкімін сайлауға:

Округ бойынша сайлаушылар тізімінде 2244 азамат бар, олардың 1923 дауыс берді, жарамсыз бюллетеньдердің саны – 13, «бәріне қарсы» деген жолда белгісі бар – 0. Әр үміткерге берілген дауыстар саны: Дүйсенов Б.Е. – 94, Өмірәлі А.Ш. – 1816.     

Талаптан ауылдық округінің әкімі болып сайланған Өмірәлі Аманкелді Шералыұлы, 1979 ж.т., уақытша жұмыссыз, «Nur Otan» партиясы атынан ұсынылған, Шиелі кентінде тұрады.

Шиелі аудандық сайлау комиссиясы