2021 жылғы 25 шілдеде өткізілген ауылдық округтер әкімдерін сайлаудың қорытындылары туралы ХАБАР

2021 жылғы 25 шілдеде өткізілген ауылдық округтер әкімдерін сайлаудың қорытындылары туралы  ХАБАР

ХАБАРЛАМА

2021 жылы 25 шілдеде Шиелі ауданында 4 округ бойынша ауылдық округтер әкімдеріне сайлау өтті.

Шиелі аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабы 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес ауылдық округ әкімдерін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамаларының нәтижелерін анықтады:

Майлытоғай сайлау округі

Майлытоғай ауылдық округінің әкімін сайлауға:

Округ бойынша сайлаушылар тізімінде 368 азамат бар, олардың 253-і дауыс берді, жарамсыз бюллетеньдердің саны – 19, «Бәріне қарсы» деген жолда белгісі бар – 48.

Әр үміткерге берілген дауыстар саны:

Аманқұлов М.Ә. – 34; Әбенов Ж.Қ. – 147; Есімов А.Ғ. – 5.

       Майлытоғай ауылдық округінің әкімі болып сайланған Әбенов Жандос Қажымұханұлы, 1979 ж.т., «Шиелі ауданы жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және хал актілерін тіркеу бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары. «Nur Otan»  партиясы атынан ұсынылған, Шиелі кентінде тұрады.

Жөлек сайлау округі

Жөлек ауылдық округінің әкімін сайлауға:

Округ бойынша сайлаушылар тізімінде 1054 азамат бар, олардың 881-і дауыс берді, жарамсыз бюллетеньдердің саны – 2, «Бәріне қарсы» деген жолда белгісі бар – 2.

Әр үміткерге берілген дауыстар саны:

Баймағанбетов Д.Ә. – 65; Жолдасбеков М. – 573; Тажиков Е.К. – 239.

       Жөлек ауылдық округінің әкімі болып сайланған Жолдасбеков Мейірбек, 1979 ж.т., «Шиелі аудандық қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бас маманы, «Nur Otan»  партиясы атынан ұсынылған, Шиелі ауданы, Жөлек ауылында тұрады.

Ортақшыл сайлау округі

Ортақшыл ауылдық округінің әкімін сайлауға:

Округ бойынша сайлаушылар тізімінде 882 азамат бар, олардың 718-і дауыс берді, жарамсыз бюллетеньдердің саны – 0, «Бәріне қарсы» деген жолда белгісі бар – 2.

Әр үміткерге берілген дауыстар саны:

Кенжесариев С.К. – 322; Ноғайбаев Ж.Н. – 387; Өтегенова А.А. – 7.

       Ортақшыл ауылдық округінің әкімі болып сайланған Ноғайбаев Жақсылық Нұридинұлы, 1967 ж.т., жұмыссыз. Өзін өзі ұсынған, Шиелі кентінде тұрады.

Жуантөбе сайлау округі

Жуантөбе ауылдық округінің әкімін сайлауға:

Округ бойынша сайлаушылар тізімінде 1921 азамат бар, олардың 1472-і дауыс берді, жарамсыз бюллетеньдердің саны – 0, «Бәріне қарсы» деген жолда белгісі бар – 0.

Әр үміткерге берілген дауыстар саны:

Бәйділдаев Б.Ә. – 108; Бегайдаров Ә.Т. – 676; Терлікбаев Б.Б. – 688.

       Жуантөбе ауылдық округінің әкімі болып сайланған Терлікбаев Бақытжан Бекентайұлы, 1981 ж.т., №157 Б.Пәрімбетов атындағы орта  мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, Шиелі ауданы, Алғабас ауылында тұрады.

Шиелі аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының       45-бабына сәйкес 2021 жылғы 27 шілдедегі шешімімен Шиелі ауданы ауылдарының, ауылдық округтерінің сайланған әкімдерін 2021 жылғы           27 шілдеде тіркеді.

Шиелі аудандық  сайлау комиссиясы