Шиелі ауданындағы бірқатар учаскелік сайлау комиссияларының шығып қалған мүшелерінің бос орнына конкурс

Шиелі ауданындағы бірқатар учаскелік сайлау комиссияларының шығып қалған мүшелерінің бос орнына конкурс

Шиелі ауданындағы бірқатар учаскелік сайлау комиссияларының шығып қалған мүшелерінің бос орнына конкурс

 Шиелі аудандық сайлау комиссиясының «Учаскелік сайлау комиссиясы мүшелерін міндеттерінен босату туралы» 22 сәуір 2021 жылғы №АСК-03/49 қаулысымен Мәлібекұлы Әлібек №275 «Жөлек», Есенқұлов Сәруәр Сүлейменұлы және Бердімұратов Қайрат Бердімұратұлы №277 «Ортақшыл», Ысқақов Қайрат Мәуленұлы және Нығыметов Бегімхан Ғабитұлы №287 «Әйтеке би» учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі міндеттерінен босатылған.

Шиелі аудандық мәслихаты «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының  1995 жылғы   28  қыркүйектегі Конституциялық заңының 10 бабының 3 тармағына сәйкес мүшесі шығарылған учаскелік сайлау комиссияларының құрамын толықтыру үшін сайлау өткізуге конкурс жариялайды.

Конкурс мерзімі 22 сәуір 2021 жыл - 8 мамыр 2021 жыл. Конкурсқа мүшелері шығарылған учаскелік сайлау комиссияларында өкілдері жоқ саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар және учаскелік сайлау комиссиясынан жоғары тұрған сайлау комиссиялары қатыса алады.

Құжаттарды қабылдау мекен жайы:

120700, Шиелі кенті, Т.Рысқұлов көшесі, №6 а. Аудандық мәслихат.

Байланыс телефоны 4-25-42

Аудандық мәслихат хатшысы:                                                                         Т.Жағыпбаров