«Қызылорда - Шымкент» учаскесі бойынша ақы алудың ашық жүйесін енгізу мәселесі жөніндегі ашық жиналыс түріндегі қоғамдық тыңдаулар хаттамасына ұсыныс

«Қызылорда - Шымкент» учаскесі бойынша ақы алудың ашық жүйесін енгізу мәселесі жөніндегі ашық жиналыс түріндегі қоғамдық тыңдаулар хаттамасына ұсыныс

«Қызылорда - Шымкент» учаскесі бойынша ақы алудың ашық жүйесін енгізу мәселесі жөніндегі ашық жиналыс түріндегі қоғамдық тыңдаулар хаттамасына ұсыныс

Шиелі кенті                                                                             2021 жылғы 15 ақпан сағат: 15-00 да

Төрағалық еткен:

Аудан әкімінің орынбасары - А.Есмаханов

Қатысқандар:

Мәслихат депуттатары, үкіметтік емес үйымдар өкілдері, жергілікті қоғам өкілдері, көлік тасымалымен айналысатын

жергілікті кәсіпкерлер және баспасөз

құралдарының өкілдері, блогерлер

 «Қызылорда - Шымкент» учаскесі жол аралығында ақы алудың ашық жүйесін енгізу мәселесі»

(А.Есмаханов, Ш.Мырзабай, Б.Хасенов, Б.Камалетдин) 

Г.Сағындықова-«Шиелі аналар» қоғамдық қорының директоры.

1) «Қызылорда - Шымкент» учаскесі бойынша ақы алу әлеуметтік жағдайы төмен от басыларының және елді мекен тұрғындарының наразылықтарын тудырып, шиеленіс ошақтарының қалыптасуына алып келу мүмкін екендігін айтты.

Т.Бабасов-«Шиелі ауданының Құрметті азаматы», еңбек ардагері.

1) «Қызылорда - Шымкент» учаскесі бойынша ақы алуды іске асырылатын жағдайда, транзиттік жол жанынан қосымша балама жол салынуын, себебі жол ақысын төлемейтін тұрғындар сол екінші жолмен жүретіндігін, сонымен қатар ауыл шаруашылығының жүк көліктері тиеген затының салмағына сәйкес жол ақылары да көбейе түспек.

Б.Сыздық-Шиелі аудандық мәслихат депутаты.

1) «Қызылорда - Шымкент» учаскесі бойынша ақы алуды тек транзиттік жүк автокөліктерінен ұстауды, себебі аудан тұрғындарынан жол ақысы ұсталатын болса, ауданда базар нарығының еріксіз өсуіне жол берілуі мүмкүн және ауданда қала аралық жүретін қоғамдық көлік, такси бағаларының көтерілуіне себеп болуы мүмкін.

А.Әбдіғаппар-Алмалы ауылдық округінің тұрғыны.

1) «Батыс Европа-Батыс Қытай» транзиттік дәлізі бойында орналасқан ауылдық округтердің бойынан мал өткелдерін салуды, себебі транзиттік жол қоршалса ірі қара мүйізді малдар жайылымдық жерге өте алмауы жөнінде.

2) Алмалы ауылдық округі тұсынан Самара-Шымкент автомобиль жолында кірме жолын қарастыру мәселесі (съезд, примыкание).

Б.Күлімбет-Шиелі кенті ардагерлер кеңесінің төрағасы.

1) «Қызылорда - Шымкент» учаскесі бойынша ақы алудың ашық жүйесін енгізу мәселесіне түбегейлі қарсы екендігін жеткізді және жол ақылы болған жағдайда ауданда азық түлік өнімдері мен құрылыс заттарының құны қымбаттайтындығын айтып өтті.

Ұсыныс негізінде енгізуге.     

                          Қоғамдық тыңдаудың  төрағасы                                                          А.Есмаханов