
Бүгін аудан әкімі Айтбай Жандарбеков Шиелі кентіндегі №287 референдум учаскесінде Конституцияға өзгерістер енгізуге байланысты республикалық референдумда дауыс беріп, өз таңдауын жасады.
Қазіргі таңда Шиелі ауданында барлығы 40 референдум учаскесі жұмыс істеуде. Оның 14-і аудан орталығы – Шиелі кентінде орналасқан. Шиелі ауданы бойынша 49 167 сайлаушы референдумға қатысып, өз таңдауларын жасау мүмкіндігіне ие болды.
Референдум учаскелері таңғы сағат 06:00-де ашылып, дауыс беру 07:00-ден бастап 20:00-ге дейін жалғасты.
Сонымен қатар, Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы қарсаңында өтіп жатқан референдум аясында учаскелерде ұлттық дәстүрлер насихатталып, бірқатар орындарда киіз үйлер тігіліп, ұлттық тағамдар ұсынылуда.
Сондай-ақ, референдум күні тұрғындарға қолайлы жағдай жасау мақсатында аудан аумағында қоғамдық көліктер тегін қатынауда.
@Шиелі ауданы әкімінің баспасөз қызметі