
ХАБАРЛАМА!
Конкурс Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 43-1 бабына және «Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы
20 желтоқсандағы №518 бұйрығына сәйкес қайта өткізіледі.
Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау Шиелі ауданы, Шиелі кенті, И.Әбдікәрімов көшесі, №11 мекен-жайда орналасқан «Шиелі ауданының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2026 жылғы «16» ақпан сағат 9:00 - ден бастап 2026 жылғы «27» ақпан сағат 19:00- ге дейін қабылданады.
Конкурс өткізу Шиелі ауданы, Шиелі кенті, Т.Рысқұлов көшесі №6 мекен-жайындағы Шиелі ауданының әкімдігінің ғимараты 2026 жылы «02» наурыз күні сағат 10:00- де басталады.
Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімде;
1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғалары үшін - заңды тұлғаның атауы, оның тұрған жері, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы мәліметтер, жарғылық капиталдағы (жарғылық капиталдың жалпы мөлшерінен) үлестерінің мөлшері көрсетіле отырып, өтінім берушінің - заңды тұлғаның басшылары мен қатысушылары немесе акционерлері туралы мәліметтер, өтінім берушінің үлестес тұлғалары туралы мәліметтер;
2) жеке тұлғалар үшін - өтінім берушінің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), тұрғылықты жері, азаматтығы, жеке сәйкестендіру нөмірі, өтінім берушінің жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер;
3) өтінім беруші үміттеніп отырған жер учаскесінің орналасқан жері;
4) конкурстық ұсыныс;
5) өтінім беруші шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурстың жеңімпазы деп танылған жағдайда, шаруа немесе фермер қожалығын не ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартына қол қою қажеттігі туралы хабарламаны алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде көрсетілген шартты жасасу жөніндегі міндеттеме қамтылуға тиіс.
Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімді жеке тұлғаның немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғасының уәкілетті өкілдері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген және ресімделген сенімхаттың негізінде ұсына алады.
Конкурстық ұсыныста:
1) бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемі, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру алаңдары, ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы, қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы саласындағы білікті мамандардың болуы, ашылатын жұмыс орындарының саны);
2) шаруашылықішілік жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту іс-шараларын орындау жөніндегі міндеттемелер;
3) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 17 қаңтардағы № 7 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19893 болып тіркелген) бекітілген Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалану қағидаларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын орындау, өңірдің мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдары құрылымын әртараптандыру бойынша индикативтік көрсеткіштерді орындау, ғылыми негізделген агротехнологияларды, фитосанитариялық және карантиндік талаптарды сақтау жөніндегі міндеттемелер қамтылуға тиіс.
Конкурстық ұсыныста өтінім беруші ұсынған міндеттемелер мен бизнес-жоспар шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартының ажырамас бөлігі болып табылады.
Конкурстық ұсынысты, «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы беру жағдайларын қоспағанда, конкурсқа қатысушы беттері нөмірленіп, тігілген түрде мөрленген немесе өшірілмейтін сиямен жазылған жабық конвертте ұсынады, конкурстық ұсыныстың соңғы беті жеке тұлғалар (немесе сенімді өкіл) үшін - қатысушының қолымен және заңды тұлғалар үшін - бірінші басшының (немесе сенімді өкіл) қолымен және мөрімен (бар болса) куәландырылады.
Өтінімде және конкурстық ұсыныста қатысушыға грамматикалық және арифметикалық қателерді түзету қажет болған жағдайларды қоспағанда, жолдар арасында ешқандай кірістірмелер, өшірулер немесе қосып жазулар болмауы тиіс.
Конкурстық ұсыныстың жабық конвертінде «шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурс» және 2026 жылғы «02» наурыз күні сағат 10:00-ге дейін ашуға болмайды» (ашудың нақты күні көрсетіледі) деген сөздер жазылады.
Толық ақпаратты Шиелі ауданы, Шиелі кенті, И.Әбдікәрімов көшесі, №11 мекен-жайда орналасқан «Шиелі ауданының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінен алуға болады. Байланыс тел/факс. 8(72432) 35-5-02.
«Шиелі ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Мемлекеттік меншіктегі жер учаскелерін шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін
жүргізу үшін конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің тізімі
|
Р/н |
Жер учаскесінің орналасқан жері |
Жер учаскесінің көлемі |
Жер учаскесінің нысаналы мақсаты |
Жер пайдалану құқығы |
Топырақтың сипаттамасы |
Алқаптардың құрамы |
Бонитет балы |
Өңірдің ауылшаруашылығына мамандануы |
Сумен қамтамасыз етілуі мүмкіндігі |
|
1 |
Шиелі ауданы Еңбекші ауылдық округі, |
100 |
Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізуі үшін |
Уақытша өтеулі жер пайдалану құқығын 10 (он) жыл мерзімге |
15301 лс ΔΔ-Әлсіз тұзды сұр-қоңыр жеңіл саздақты орташа қиыршық тасты топырақ |
Жайылым-98,0га Басқа алқап – 2,0га |
7 |
Мал шаруашылығы |
Бар |
|
2 |
Шиелі ауданы, Тартоғай ауылдық округі, Сарысу өзен аумағы |
150 |
Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізуі үшін |
Уақытша өтеулі жер пайдалану құқығын 10 (он) жыл мерзімге |
7183+663б2 .-Тақыр тәріздес күшті тұзданған орташа саздақты топырақ тосаптық шалғындық қоңыр шөлейттенген орташа тұзды топырақтармен 10%-ға дейін кешенде |
Жайылым-148,0га Басқа алқап – 2,0га |
6 |
Мал шаруашылығы |
Бар |
|
3 |
Шиелі ауданы, Тартоғай ауылдық округі Түменбай суаты өңірі |
25 |
Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізуі үшін |
Уақытша өтеулі жер пайдалану құқығын 10 (он) жыл мерзімге |
6622+641а2 . лс-Тосаптық шалғындық қоңыр орташа тұзды жеңіл саздақты топырақ тосаптық шалғындық қоңыр тоғайлы орташа тұзданған топырақтармен 10%-ға дейін кешенде |
Жайылым-23,0га Басқа алқап – 2,0га |
15 |
Мал шаруашылығы |
Бар |
|
4 |
Шиелі ауданы, Тартоғай ауылдық окурігі Бектас өңірі |
30 |
Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізуі үшін |
Уақытша өтеулі жер пайдалану құқығын 10 (он) жыл мерзімге |
6621+641а2 . г-Тосаптық шалғындық қоңыр әлсіз тұзды орташа сазды топырақ тосаптық шалғындық қоңыр тоғайлы орташа тұзданған топырақтармен 10%-ға дейін кешенде |
Жайылым-28,0га Басқа алқап – 2,0га |
16 |
Мал шаруашылығы |
Бар |
|
5 |
Шиелі ауданы, Сұлутөбе ауылдық округі, Сарысу өңірі қалмас аймағы |
500 |
Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізуі үшін |
Уақытша өтеулі жер пайдалану құқығын 10 (он) жыл мерзімге |
663б2+723 . сп-Тосаптық шалғындық қоңыр шөлейттенген әлсіз тұзды құмдақты топырақ кәдуілгі кебірлермен 10%-ға дейін кешенде |
Жайылым - 490,0 га Басқа алқап – 10,0га |
6 |
Мал шаруашылығы |
Бар |
|
6 |
Шиелі ауданы, Сұлутөбе ауылдық округі, Ащықұдық өңірі |
200 |
Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізуі үшін |
Уақытша өтеулі жер пайдалану құқығын 10 (он) жыл мерзімге |
663б2+729. Лг - Тосаптық шалғындық қоңыр шөлейттенген орташа тұзды жеңіл сазды топырақ жалды-бұйратты бекіген құмдармен 10%-ға дейін кешенде |
Жайылым - 68,1 га Басқа алқап – 2,0га |
11 |
Мал шаруашылығы |
Бар |
|
729 п-Жалды -бұйратты бекіген құмдар |
Жайылым - 127,9 га Басқа алқап – 2,0га |
2 |
Мал шаруашылығы |
Бар |
|||||
|
7 |
Шиелі ауданы, Сұлутөбе ауылдық округі, Қызылорда Жезқазған автокөлік жолы бойы |
100 |
Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізуі үшін |
Уақытша өтеулі жер пайдалану құқығын 10 (он) жыл мерзімге |
5392 сп - Орташа тұзды сұр-қоңыр құмдақты топырақ |
Жайылым - 98,0 га Басқа алқап – 2,0га |
4 |
Мал шаруашылығы |
Бар |
|
8 |
Шиелі ауданы, Қарғалы ауылдық окурігі, Томарлы өңірі |
100 |
Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізуі үшін |
Уақытша өтеулі жер пайдалану құқығын 10 (он) жыл мерзімге |
6621+729..с-Тосаптық шалғындық қоңыр әлсіз тұзды орташа саздақты топырақ жалды-бұйратты бекіген құмдармен 10-30%-ға дейін кешенде |
Жайылым - 14,8га |
9 |
Мал шаруашылығы |
Бар |
|
6622+729..с-Тосаптық шалғындық қоңыр орташа тұзды орташа саздақты топырақ жалды-бұйратты бекіген құмдармен 10-30%-ға дейін кешенде |
Жайылым - 54,6га Басқа алқап – 2,0га |
7 |
Мал шаруашылығы |
Бар |
|||||
|
729+6621.. п -Жалды- бұйратты бекіген құмдар тосаптық шалғындық қоңыр әлсіз тұзды топырақтармен 10-30%-ға дейін кешенде |
Жайылым - 28,6га |
1 |
Мал шаруашылығы |
Бар |
|||||
|
9 |
Шиелі ауданы, Қарғалы ауылдық окурігі "Балықты" өңірі2 |
50 |
Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізуі үшін |
Уақытша өтеулі жер пайдалану құқығын 10 (он) жыл мерзімге |
729+663б3 п -Жалды- бұйратты бекіген құмдар тосаптық шалғындық қоңыр шөлейттенген күшті тұзды топырақтармен 10%-ға дейін кешенде |
Жайылым - 48,0га Басқа алқап – 2,0га |
2 |
Мал шаруашылығы |
Бар |
|
10 |
Шиелі ауданы, Қарғалы ауылдық округі, «Бұланбай бауы» өңірі 3 |
50 |
Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізуі үшін |
Уақытша өтеулі жер пайдалану құқығын 10 (он) жыл мерзімге |
6622+663б2.с-Тосаптық шалғындық қоңыр орташа тұзды орташа саздақты топырақ тосаптық шалғындық қоңыр шөлейттенген орташа тұзды топырақтармен 10%-ға дейін кешенде |
Жайылым – 28,8га Басқа алқап – 1,0га |
10 |
Мал шаруашылығы |
Бар |
|
729 п-Жалды -бұйратты бекіген құмдар |
Жайылым - 19,2га Басқа алқап – 1,0га |
1 |
Мал шаруашылығы |
Бар |
|||||
|
11 |
Шиелі ауданы, Қарғалы ауылдық округі," Көксұйық" өңірі |
50 |
Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізуі үшін |
Уақытша өтеулі жер пайдалану құқығын 10 (он) жыл мерзімге |
6621+723..с-Тосаптық шалғындық қоңыр әлсіз тұзды орташа саздақты топырақ кәдуілгі кебірлермен 10%-ға дейін кешенде |
Жайылым - 48,0га Басқа алқап – 2,0га |
12 |
Мал шаруашылығы |
Бар |
|
|
|
1355 |
|
|
|
|
|
|
|