ШИЕЛІДЕ - ҚР КОНСТИТУЦИЯСЫНЫҢ 30 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕКЕСІ КҮНІНЕ ОРАЙ САЛТАНАТТЫ ШАРА ӨТТІ

ШИЕЛІДЕ - ҚР КОНСТИТУЦИЯСЫНЫҢ 30 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕКЕСІ КҮНІНЕ ОРАЙ САЛТАНАТТЫ ШАРА ӨТТІ
ШИЕЛІДЕ - ҚР КОНСТИТУЦИЯСЫНЫҢ 30 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕКЕСІ КҮНІНЕ ОРАЙ САЛТАНАТТЫ ШАРА ӨТТІ
🔶Биыл Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданғанына – 30 жыл! Мемлекет үшін айрықша мәнге ие мереке, әрбір қазақстандықтың жүрегінен орын алған күн екені анық. Осыған орай Шиелі ауданында Бұдабай Қабылұлы атындағы аудандық мәдениет үйінде салтанатты шара ұйымдастырылды.
🔶Жиын барысындағы аудан әкімі Айтбай Жандарбековтың құттықтау сөзінде:
– «Ата Заңды құрметтеу – ел тағдырына жауапты әр азаматтың қасиетті міндеті. Конституция – Тәуелсіз Қазақстанның тұғыры мен тұтастығын айқындайтын басты құжат. Ол мемлекетіміздің негізін бекітіп, әрбір азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ететін құқықтық әрі рухани бағдар.» – деп атап өтіп, барша Шиелі жұртын мерейлі мерекемен құттықтады.
🔸Аудан басшысы өз сөзінде қазақ тарихындағы құқықтық дәстүрлерге де тоқталды:
– «Ұлтымыздың ұлан-ғайыр тарихында Қасым ханның “Қасқа жолы”, Есім ханның “Ескі жолы”, Әз-Тәукенің “Жеті жарғысы” сынды дала Заңдары халықтың бірлігін бекемдеп, әділдік пен адалдықты ту еткен. Бүгінгі айбынды Ата Заңымыз сол тарихи заңнамалардың жалғасы болып, тағдыры ортақ, тілегі бір Қазақстан халқының ынтымағын нығайтып, тұрақты татулық пен берекелі бірлікті қамтамасыз етіп отыр» – деді аудан басшысы.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың , Үкіметтің аймақтарға, оның ішінде Сыр өңіріне, Шиелі ауданына жасаған қолдауының арқасында аудан бюджеті бірнеше есеге ұлғайып, әлеуметтік нысандар көбейіп, халықтың өмір сапасы артып келеді.
🔶Мереке қарсаңында ауданға аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаев пен Парламент Сенаты мен Мәжіліс депутаттары арнайы іссапармен келіп, бірқатар әлеуметтік нысандардың ашылу салтанатына қатысты. Аймақ басшысы ауданның бүгінгі қарқынын оң бағалап, болашақта атқарылар жұмыстардың жаңа бағыттарын айқындап берді.
Аталған сапар аясында:
• Жалпы құны 1 млрд 68 млн теңге болатын 200 орындық «Оқушылар үйі» мен 50 орындық «Өнер мектебі» пайдалануға беріліп, жас ұрпақтың жан-жақты дамуына кең жол ашылды;
• Мемлекетке қайтарылған активтер есебінен салынған 30 төсектік жұқпалы аурулар бөлімшесінің заманауи ғимараты ашылды;
• Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен күрделі жөндеуден өткен №219 Ы.Алтынсарин атындағы мектеп жаңа кейіпке енді;
• Үкіметтің резервтік қорынан бөлінген қаржыға ауданаралық аурухана жанынан МРТ құрылғысына арналған қосымша корпус салынды. Енді құны жоғары МРТ аппараты орнатылып, шиеліліктер өз ауданында-ақ жоғары технологиялық диагностикалық қызмет ала алады;
• Шиелі кентіндегі «Болашақ» дәрігерлік амбулаториясының күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды;
🔶Осындай аудан халқының игілігіне арналған ғимараттыңдың салынуы және жобалардың жүзеге асуы аймақ басшысының Біздің ауданға деген шынайы ықыласының белгісі.
Мерейлі мереке баршамызға құтты болсын! Әрбір отбасына жақсылық пен ізгілік, береке мен ынтымақ тілеймін. Ата заңымыз асқақ, Тәуелсіздігіміз мәңгі болғай!, – деді Айтбай Жандарбеков
Сондай-ақ, аудан дамуына сүбелі үлес қосып, аянбай еткен еткен бірқатар азаматтарға облыс әкімінің және аудан әкімінің «Алғыс хаттары» табысталды.
Арнайы кеште ауданның өнер майталмандары көпшілікке мерекелік көңіл-күй сыйлады.