МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР КҮНІ АТАП ӨТІЛДІ

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР КҮНІ АТАП ӨТІЛДІ

🔷Бүгін Шиелі ауданында 23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күніне арналған салтанатты шара жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Мерекелік жиын Б.Қабылұлы атындағы аудандық мәдениет үйінде өтті.
🔶Шара барысында аудан әкімі Айтбай Жандарбеков мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекелерімен құттықтап, бұл салада еңбек ететін азаматтардың қоғамдағы орны ерекше екенін атап өтті.
🔷’’Мемлекеттік қызмет – абыройлы әрі жауапты міндет. Бұл салада жұмыс істеу терең білім мен тәжірибені ғана емес, жоғары моральдық-этикалық нормаларды ұстануды талап етеді. Мемлекеттік қызметкер – халық пен билік арасындағы сенімді дәнекер. Сондықтан сіздердің еңбектеріңіз елдің ыстық ықыласы мен құрметіне лайық’’– деді аудан басшысы.
🔶Салтанатты жиында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Мирамкүл Бибітова арнайы қатысып, мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекемен құттықтап, игі тілегін білдірді.
🔷Мемлекеттік қызмет саласында адал еңбек етіп, өз қызметіне жауапкершілікпен қараған бірқатар қызметкерлер аудан әкімінің Алғыс хаттарымен қатар, Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың Алғыс хаттарымен де марапатталды.
🔶Шара барысында мемлекеттік қызметшілер тек кәсіби емес, өнердегі шеберліктерін де көрсетті. Олар әсем ән шырқап, жырдан шашу шашып, суырып салма айтыс айтып, әзіл-қалжыңмен де көпшіліктің көңілінен шығып, мемлекеттік қызметкерлер өнерден де алыс емес екендерін дәлелдеді.
🔷Салтанатты жиын, қатысушыларға ерекше рух пен көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.