Өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған Талаптан ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы

Өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған Талаптан ауылдық  округі әкімінің

сайлауын тағайындау туралы

 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 заңының 36 бабы мен «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының    113-1 бабын басшылыққа алып, Талаптан ауылдық округі әкімінің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылуына байланысты, Шиелі аудандық сайлау комиссиясы

ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Талаптан ауылдық округі әкімінің сайлауы 2021 жылғы 1 тамызға (жексенбі) тағайындалсын.
  2. Әкімдікке кандидаттарды ұсыну шілде айының 2-сінде басталып, 16 шілдеде сағат 18:00-де аяқталатын болып, кандидаттарды тіркеу барлық қажетті құжаттар алынғаннан кейін, сайлау күніне 10 күн қалғанда 21 шілдеде аяқталатын болып белгіленсін.
  3. 2021 жылғы 1 тамызға тағайындалған Талаптан ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу іс-шараларының Күнтізбелік жоспары бекітілсін.
  4. Осы қаулы Шиелі аудандық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында жариялансын және аудандық газетте сайлау туралы хабарлама берілсін.

                 Аудандық сайлау

                 комиссиясының төрағасы                               М.Дулатов 

                Аудандық сайлау

                комиссиясының хатшысы                                Э.Бурабаева

 1 шілде 2021 ж.

№АСК-03/63        

Дата публикации
02 июля 2021