Қызылорда облысы Шиелі аудандық сайлау комиссиясының ауылдық округтер әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы

Қызылорда облысы Шиелі аудандық сайлау

комиссиясының ауылдық округтер әкімдерінің

сайлауын тағайындау туралы

 «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конститутциялық заңының 113-1 бабына сәйкес Шиелі аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. 2021 жылғы 25 шілдеге Шиелі ауданының:

1) Жөлек ауылдық округі әкімінің;

2) Жуантөбе ауылдық округі әкімінің;

3) Майлытоғай ауылдық округі әкімінің;

4) Ортақшыл ауылдық округі әкімінің сайлауы тағайындалсын.

  1. 2021 жылғы 25 шілдеге тағайындалған Шиелі ауданының ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын әзірлеу және өткізу бойынша негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  2. Осы қаулы Шиелі аудандық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында және аудандық «Өскен өңір» газетінде жариялансын.

 Шиелі аудандық сайлау

комиссиясының төрағасы                                             М.Дулатов

 

Шиелі аудандық сайлау

комиссиясының хатшысы                                             Э.Бурабаева

25 маусым  2021 ж. №АСК-03/59

Дата публикации
25 июня 2021