Шиелі ауданының ауылдық округтері әкімдерін сайлауы бойынша сайлау округтерін құру туралы

Шиелі ауданының ауылдық округтері

әкімдерін сайлауы бойынша  сайлау

округтерін құру туралы 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 6 тармақшасына, 21-бабының 4 тармағына, 22-бабына сәйкес Шиелі аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Шиелі ауданының ауылдық округтері әкімдерін сайлау бойынша сайлау округтері құрылсын:

1) Жөлек ауылдық округі әкімінің – Жөлек ауылы шекарасында Жөлек сайлау округі;

2) Жуантөбе ауылдық округі әкімінің – Алғабас ауылы шекарасында Жуантөбе сайлау округі;

3) Майлытоғай ауылдық округі әкімінің – Майлытоғай ауылы шекарасында Майлытоғай сайлау округі;

4) Ортақшыл ауылдық округі әкімінің – Ортақшыл ауылы және Қызылқайың елді-мекені шекарасында Ортақшыл сайлау округі; 

  1. Сайлау округтерінің тізімі олардың шекаралары және аумақтық сайлау комиссияларының орналасқан жері көрсетіліп Шиелі аудандық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында және аудандық «Өскен өңір» газетінде жариялансын.

 

            Шиелі аудандық сайлау

            комиссиясының төрағасы                                             М.Дулатов

 

              Шиелі аудандық сайлау

           комиссиясының хатшысы                                              Э.Бурабаева

 Шиелі кенті 25 маусым 2021 ж. №АСК-03/58

Дата публикации
25 июня 2021