

Жандарбеков Айтбай Насриддинұлы 1974 жылы 5 қаңтарда Өзбекстан Республикасы, Фергана обылысы, Ахунбобаев ауданында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2002 жылы Қызылорда қаласындағы Қорқыт ата атындағы университетінің бухгалтерлік есеп және аудит мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1992 жылы Қазақстанның ххх жылдық совхозында жұмысшы болып бастаған.
1994-1997 жылдары Бәйгеқұм ұжымында материалдық есепші,
1998-2000 жылдары «Қазақшетсақтандыру» компаниясында брокер, «Шиелі астық» акционерлік қоғамының диірменші шебері,
2001-2003 жылдары Бәйгеқұм пошта торабына қарасты байланыс бөлімінің пошта меңгерушісі,
2003-2009 жылдары Бәйгеқұм ауылдық округінің жетекші маман-статисті,
2009-2018 жылдары Шиелі аудандық статистика басқармасының жетекші маманы,
2018-2020 жылдары Гигант ауылдық округінің әкімі,
2020 жылдың қаңтар айынан қазан айына дейін Шиелі аудандық статистика басқармасының басшысы,
2020-2023 жылдары аудан әкімінің орынбасары,
2023-2024 жылдары Шиелі аудандық мәслихат төрағасы,
15 қыркүйек 2024 жылы Шиелі ауданы әкімі болып сайланған.