
⚜️“ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ ТАҒАМДАРЫ –ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ БРЕНДІ”
Жүгі нарда,қазаны теңде болып,көшпелі ғұмыр кешкен қазақ халқы асты жоғары бағалап,қастерлей білген.Халқымыз адам өмірінде тамақты тіршілікке қажетті құндылықтардың бәрінен де жоғары қойған.Кез келген қазақы шаңырақтың дастарханын ет тағамдарынсыз елестету мүмкін емес.
⚜️Қазақ халқының ұлттық тағамдарының түрлері:
Ұннан жасалған тағамдар
Дақылдардан жасалған тағамдар
Сүт тағамдары
Ет тағамдары
Сорпа тағамдары
Балық тағамдары
Жеміс тағамдары
⚜️"№152 орта мектебі"КММ-де бүгін ҰЛТТЫҚ ТАҒАМ Көрмесі ұйымдастырылып, қонақтарымызға,ұжым мүшелеріне таныстырылды.Нұрболат бастаған Аружан,Ақерке,Шахназ қыздарымыз әр тағам түрлеріне тоқталып, жасалу жолынан хабардар етті. Салтымызды құрметтеп,қазір де осы тағамдарды ұмытпайық, ⚜️Ұлттық ТАҒАМ ЖАСАСЫН!
⚜️ҰЛТТЫҚ МҮДДЕ ЖАСАСЫН!