Шуға шомылуға тыйым салынған орындар туралы

Шуға шомылуға тыйым салынған орындар туралы
⚠️ ҚАТАҢ ЕСКЕРТУ! ⚠️
Құрметті Жиделіарық ауылының тұрғындары!
Қызылорда облыстық мәслихатының № 56 шешімімен Р-11, Р-12 және «Күзембай» каналдары (Жиделіарық ауылы маңындағы каналдар) облыс аумағындағы шомылуға тыйым салынған су айдындары тізіміне қосылды.
🔴 Аталған жерлерде суға түсу немесе қауіпсіздік ережелерін бұзу ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің:
❗364-бап (су айдындарындағы қауіпсіздік талаптарын бұзу),
❗440-бап (оқиға орнындағы қауіпсіздікті қамтамасыз етпеу),
❗412-бап (мемлекеттік немесе жергілікті органы шешімдерін орындамау)
бойынша әкімшілік жауапкершілікке және айыппұл салуға әкеп соғады.
🚫 Р-11, Р-12 және «Күзембай» каналдарына:
• Қатаң түрде суға түсуге тыйым салынады
• Әкімдік тарапынан орнатылған қорғау белгілерін қасақана жоймауды сұраймыз.
Өміріңіз бен денсаулығыңызды қауіпке тігуге болмайды!
Заң талаптарын сақтай отырып, өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз!